Алғаш рет ұшаққа отырдым…

АЛҒАШҚЫ ӘСЕР…

Маған бәрі таңсық😲 Анау не?Мынау қалай деп жүріп өзімді тәй-тәй басқан баладай сезіндім👶

-Айко,әне ана есіктен кіресің де ары қарай кете бересің,- деді де мені әуежайда тастап кетті әкем😫

Ұшқан кезде қатты дыбыс шығады,қорықпа!- деген өте пайдалы кеңес айтты😂 Адамды одан бетер қорқытып😣

Окей,құжат тексеру,тіркелу дегендерден аман-есен өттім. Ұшаққа отыратын кез келді. Кіріп алып өзі кіттәй ұшақтың ана басына бір,мына басына бір барып елдің мазасын алдым,өйтпесем Айкүміс болам ба?😝

Сөйтсем менің орным ұшақтың кірген жерінде,ең алдында екен😁 Мен ұшақтың ішінде қыдырып жүргенде маған жүгімді қоятын орын қалмаған.🤦🏼‍♀️

Оны қоя берші қарны қатты ашқан кекілді қыз жатақханасының жанындағы дүкеннен алған вафлиін асай бастады бір кезде.😋 Жеп болғаны сол екен “құрметті жолаушылар,сіздерге қазір сэндвич пен сусындар таратылады” демесі бар ма?!😅

Интернетте 3 сағаттан аз ұшатын болсаңыз тамақ берілмейді деп оқыған ем.😒 Тегіннен бас тартуға бола ма оны да түгін қалдырмай асап алдым. Диетамен және пигурамен Кореяға баруыма аз қалғанда-ақ қоштасқам.😁 Сеулде жүріп атақты астарының бәрін жемесең күнә ғой!😅

Ұшақта дәл бір әткеншекте отқандай керемет әсерде болдым🤩 Қорқудың еш қажеті жоқ екен. Ақырындап көтеріле бастағанда Алматының үстінен қарау-кәйіп😍 Оңға бір қисайды құлайтындай,солға бір қисайды✈️ Ал мен әткеншекте отқандай мәзбін 😂 Сөйтті де бұлттардың арасынан бір-ақ шықты. Аппақ мақта сияқты😍 Не болды,сразу жұмаққа түсіп кеттім ба деп қоям😜

Осы постты жазып отырып Новосібір қаласына қонып жатырмыз. Алда Сеулге дейін 9 сағаттық жол және арманымдағы әлем!Сіз алғаш ұшаққа қашан отырдыңыз?Ұшақтан қорқасыз ба?😃
#кекілдімен_кореяға #корея #сеул#оңтүстіккорея