Жолға шығарда билет таппасаңыз…

 

Ертең жолға шығуыңыз керек. Алайда,билет таба алмайсыз. Тапсаңыз, бағасы удай болады. Солай ма? Біздің елге таныс жағдай. Ерте алып қойғанда ғана қолжетімді. Астанаға билет қарағанмын. Бағалары ұшып тұр екен. Айтпақшы, #flyarystan қай өңірлерге ұшатын болды? Жүксіз болуың керек сияқты. Жолаушы қалай жүксіз болады? Ақтауға да бағалар арзан емес. Ұшаққа ең арзаны 29000 екен (Bekair мен Scat), AirAstana-ның бағасы тіптен ұшып тұр. 78000 дегенді де көзім шалды (бір жаққа). Маңғыстауда бәрі бай деп ойлайды жұрт… Аксиома. Пойыздың бағасы да керім емес. Жекеменшік кассалардан алып қалсаңыз, оның үстіне ақша қосылатыны тағы бар. Жаз келді,демек батысқа қарай,батыстан бері билет мәселе деген сөз. Проводниктер алып ала ма,әйтеуір жоқ. Билет таба алмай жүрген бір адамды көресіз… Айтпақшы, біздің “Алматы-Маңғышлақ” пойызының жүру уақыты 9 сағатқа қысқарды ғой,аз да болса. Оған да шүкір. Үш күн ұйықтап, төртінші күн түсетін едік. Сәл де болса уақыт азайтқанына қуанғалы біраз болды. #АлматыМаңғышлақ пойызын жамандайтындар жетеді. Біз де жамандайық десек,басқа пойызымыз жоқ. Құйтақандай бекеттерге (стансаларға) дәмболсын тоқтай береді өзі. (Өзімізше жазып қояйыншы, дәмболсын дегенді өздеріңіз түсініп алыңыздар))) Айтпақшы, жаздыгүні 1-1,5 литр сулардың (спрайт, кола, сарыағаш) бағасы пойыз бен пойыз бекеттерінде аспандап тұрады … Жалпы,пойызда неше түрлі қызық болады. Бөлісем десеңіздер,мархабат. Бізге, ұшақтар мен пойыздарды көбейтіп,билеттерді арзандату керек. Болмаса,қызметкерлердің айлығын көбейту керек. P.s. Әуежайда,вокзалда,ұшақта,пойызда,кемеде түсірілген қандай клиптер бар? Осылармен байланысты қандай ән,кино естеріңізде?

#текөзімеқатыстымәселеемес#Алматы #Астана #АлматыАқтау#АлматыМаңғышлақ #жолаушы#жолдаржолдар #әуежай #вокзал#пойыз #билет