Шоколад жегім келеді…

 

Магнумда жүргенде мына шоколадтарды көрсеңіз,бәрін 199 теңге деп ойлайсыз ғой. Солай емес пе? Кассаға келсем 269 теңге деп тұрды. Себебі,менің алғаным фундукпен екен. Әңгіме 70 теңгеде емес, әрине. Адамды шатастыруларында. Неге онда бәрі бір жерде тұрады? Өткенде “Рамсторда” да соған ұқсас жағдай болды. Таблодағы бағамен емес,басқа бағамен есептеді. Бағасы басқа сияқты дегенді айтқанымда,ол рамстордың карточкасы болғанда ғана екен. “Онда карточкаңыз болғанда осылай,болмағанда осылай” деп жазып қойыңыздар деп кеткенмін @ramstorekz #Магнум#Рамстор