Өзге ұлтқа тұрмысқа шығасыз ба?

 

Өткенде мен туралы 20 фактта дау тудырған бір сұрақ өзге ұлтқа тұрмысқа шығу жайлы болды. Қос қолдап қолдамаймын да,бірақ қазір қарсылығым да жоқ. Арасында менің де ойлап қоятыным рас. Арасында. Біз, нәзік жандылар бәрібір ұрпақты ойлаймыз ғой…Дәл қазір ешкім кетейін деп жатқан жоқ. Сондықтан ұрыспаңыздар)))). Ал,сіздің #араласнеке-ге көзқарасыңыз қандай? Қазақ қызының өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанына қалай қарайсыз? Өзгеден қыз алған қазақ жігіттеріне айтарыңыз бар ма? Менің ортам, менің айналам мұны қолдамайтынын білемін. Себебі, біз нағыз қазақымыз. “Қашан тойға барамыз?” дей беретін досыма:” Айта берсең,басқа ұлтқа кетіп қалам” деп едім, қоя қойды. “Тойыңды өзім барып,быт-шытын шығарамын” дегені бар және. Бұл біз білетін өз әлеміміз,айналамыз. Алайда, адамның бәрі бірдей емес. Көшенің ар жағындағы адамдардың,тіпті қасыңызда отырған адамдардың ойы басқа. Ол адамдар мұндай жазбаларымызды оқымайды да. “Қарындасым орысқа шықты”, “Оның қызы шетелде” дегендерді естіп қалып жүрмін. Шатаспасам, өзге елге қызын берген ел ағалары да бар. Яғни, кей жандарға бұл “порядковые вещи”. Қанның бұзылуы, ұлттың тағдыры дегендер өздеріне де қатысты екендіктерін ұмытып кетеді. Сосын ол адамның өз таңдауы. Таңдауына қарсы шығуға хақымыз жоқ. Небір мықты қыздардың өзге ұлтқа кеткенін көріп,қимаймын кейде… Бірақ,олардың да бақытты болуға хақысы бар екендігін ойлап,бақыт тілеймін. Бастысы, шариғат бойынша мұсылман болған жөн деген пікірдемін. #арықарайжазуғаерініпкеттім