Өз еліңде ұлтан бол!

Теңіздегі болған сұмдыққа орай менде өз басымнан өткен бір оқиғаны сіздерге баяндап берейін. 1-курсымда қаражаттан қысылып, əр көшеде біреуден самсап тұратын Түріктердің ДЕГИРМЕНІНЕ жұмыс сұрап бара қалып едім, ыдыс-аяқ жуушы етіп қағып алды. Ыдыс деген аты ғана. 1-қабат пен 2- қабаттағы 40-50 кг салмақтағы пирожный, торт пісіретін құрылғыларды, печкаларды т.б жуу керек екен. Ал енді елестетіңіз, 18 ге жаңа толған, нəп-нəзік, түртіп кетсең құлап қала жаздайтын маған оңайға соқпайтыны анық😣 Себебі 1-қабатты жуып бітіп, 2-ге жүгіріп келіп, жалма-жан жуамын😥 Оны тəмамдап, қайта 1 ге келсем жүздеген ыдыс күтіп түрады. Аяқтан сыз өтіп, саусақтарым қайта-қайта кесіліп жүнжіп кеттім. Жанымнан ауық-ауық өткен тəтелер: “қандай оңбағандар еді, 2 қабатқа екі-екі адамнан алу керек қой. Бəрін кішкене қызға бере салыпты” деп сыбыр-гүбір етумен болды. Оның үстіне сасық түріктер бол-болдыға салып, асықтырады. Солай кешкі 7 ден таңғы 7 ге дейін ит сілікпем шығатын. Əрен басып, жатақханама жылап қайтамын. Солай 3-4 күн шыдап бақтым. Бесінші тəулікте жұмыстан шықсам ба екен, шықпасам ба екен деп қалың ойда ыдыс жуып жатқанда, Дегирмендегі бастықтың туған күні екенін айтып, бəрімізді бір кəбинетке шақырды. Қызық енді басталды😃 Бара қалып едім, бар қазақ əлгі түрікті “түрік” тілінде аузы-аузына жұқпай мақтап өліп бара жатыр. Түрік мəз. Бір кезде сасық, жүн-жүн басқан қолын алдыға созды. Əр жұмысшы бір-бірден қолын сүйіп жатыр. Кезек маған да келді. Көзім шарасынан шыға жаздап, кідіріп біраз тұрмын😯.. Жанымдағы апай: “сүйсеңші, 2 мың теңге береді” деп шымшып алды. Екі миллион берсе де сүймеймін деп ішімнен айттым да, үндемей есіктен шығып кеттім😌 Сол шыққаннан қолымды бір сілтедім де жұмыстан да кетіп қалдым. Ертеңгі күні 4 күнгі еңбекақымды сұрауға барсам, қазақ ағай шығып: “Ақшаңды бермейді. Бірақ сүймегенің өте дұрыс болды. Бұларды өзіміз құтыртып алдық. Біз түріктің айтқанын істеп, дегеніне көнбесек, қаражаттан қысады” деді, менен сəл ыңғайсызданып. Еңбекақымды алмағаныма ішіп ашыса да, сол күні өзімді іштей мақтан тұттым. Ертеңгі күні сабақ үстінде Түркияға жиі баратын Абдрасилова Гүлмира деген ұстазымнан “Қазақстандағы түріктер” жайлы айтып беріңізші дедім.
Ол кісі: “Қазақстандағы түріктер өте нашар түріктер. Нағыз түріктер Түркияда. Олар жақсы. Ал елдегі түріктер өзге. Олар қасиетсіз, қара ниетті, ұятсыз, адамды басынғыш келеді” деп өре түрегелді. Міне, түріктердің қол астындағы қор боп жүрген қазақ азаматтарымызды осы үшін де арашалап алуымыз керек! Ал Түріктер елден кетсін!
Ақгүл Айдарбекова