Студенттік практикаға барғаннан не пайда?

Адам адамнан тəлім алады, ағаш ағаштан мəуе алады. Адамды адам ететін ұстаз. Ал менің мамандығым- мұғалім. Практикаға бастапқы күндері ерініп, тыржиып, соғысқа кетіп бара жатқандай баратын едім😂. Ал қазір мені жауапкершілік деген бір күш желкелеп тұрып мектепке əкелетін болған. Практиканы ақшамен жылы жауып қоя салатын студенттер, біраз дүниеден ұтқанымен, білім атты бір биіктің шырқау шыңына жете алмайтыны белгілі. Ал енді практикаға қатыссам ба екен деп, өлім мен өмірдің, өң мен түстің ортасында жүрген студенттерге оң(+) жəне теріс(-) бағыттарың алдарыңызға ұсынайын.
(-)
1)Жолақыңыз(автобус, такси), тамақ, файлдар мен күнделікті шығаратын қағаз екеш қағаздарыңызға шашылатыныңыз анық😁

2)Мұғалімдердің қолы ұзарып, практикант келді деп дүниенің рахатын көру үшін, адам түгілі ит құрлы көрмей жұмысқа салуы😲

3)Уақыт тапшылығы.
Баруға тиіс жерлеріңізге бара алмай, жазуға тиіс дүниелеріңізді жаза алмай қиналу😞

4)Жолда түрліше жағдайлар болып, практикаға бара жатқан жолыңыздан, кеше ғана алған айфон 7 іңізді ұрлатып алуыңыз əбден мүмкін. Əрине ол бастағы баққа байланысты😁

5)Күйзеліс. Бұрын сонды мұндайды бастан өткізбеген жастар күйзелістің терең түбіне түсіп кетуі ғажап емес.😩 (+) 1)Тəжірибе.тəжірибе.тəжірибе
2)Білім
3)Жаңа орта
4)Қызықты естеліктер
5)Балаға деген махаббат
6)Көптің алдында сөйлеп үйрену.

Білу керек дүниенің бəрін алдарыңызға маржандай етіп тізіп бердім, ендігі шешім сіздерде!🚩 #Ақгүлпост