Орамалды қаншалықты жиі тағасыз?

 

Орамал-ды қаншалықты жиі тартасыз (тағасыз)? Тұрмыс құрған жандарға сұрақ. Жаңа түскен жас келінге:”Орамалың құтты болсын. Ақ жаулықты ана (әже) бол” деп тілек айтады. Содан-ақ орамалдың әйел өміріндегі рөлі зор екенін аңғаруға болады. Аманат дер едім! Ал,аманатқа қиянат ешқашан жасалмау керек… Байқасам, қазіргі таңда орамал тартатындар сирек. Ауылдың келіндерінің өзі қалаға келгенде орамалын тастап кетеді-ау деймін… Ресторандарда сірә. Шаш үлгісіне зиянын тигізеді деп санайды ол кезде. Оны түсінуге болады енді. Бірақ, үйде болатын той-томалақтарда (тіпті қазаларда)орамалсыз жүретін келіндерге таңым бар. Жасы үлкен адамдардың, ата-енесінен де үлкен жандардың алдында орамалсыз жүру ыңғайсыз емес пе екен деп қоямын…Кей келіндер орамал тақпауыма рұқсат алып алғандығын да айтып отырады. Орамал негізінен көп зияннан қорғайды. Жаман энергия шашқа жабысады дейді ғой. Тамақ жасағанда шаш түспеу керек. Кей адамдардың шаштары түскіш келеді. Орамал тақсаңыз, үйдің ішінен шаштарыңызды жинап жүрмейсіз… P.s. Әлі тұрмыс құрмаған қыздың пікірі деп емес, жәй ғана екінші жақтың пікірі санаңыз. Біз кейде өзіміздің ойымызды ғана ойлап, өзгелерді ұмытып кетеміз (со стораны). Менікі жәй ғана ой салу. Ешкімді тәрбиелеу ойымда жоқ… Өзім #Маңғыстау-дың қызымын. Шүкір, орамалды жандарды жиі көремін. Айтпақшы, фотодағы орамалды сұлу,өзім ерекше жақсы көретін @karakat_a(сахнадағы көйлектеріне ғана мән беретін емес, үйлестіріп әдемілеп орамалдарын тартып алатын жан). Бәрін айт та,бірін айт, орамалдарыңыз ешқашан кірлемесін. Орамал жайлы сіз не айтасыз? @gadilbek_zhanay ағамның #Орамалың әніне, әлде @roza_alqozha апамның орамалдарына жарнама жасап жіберсем бе екен?)))