СІЗ ТƏУЕЛСІЗ ҰСТАЗСЫЗ БА?


.
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар мен балақайлар😊 Бүгін жəй ғана құттықтап қоймай, мұғалімнің құқықтары жөнінде сыр шертпекпін. Себебі жұмысқа жаңадан кірген жəне момындау ұстаздарды директорлар басынып, айтағына ергізіп, дегеніне көндіріп, ит ше жұмсайтын сəттер жиі кездеседі. Сондықтан əрбір мұғалім ТƏУЕЛСІЗ ҰСТАЗ болу керек! Сонымен мұғалім құқылы:
1.Ғылыми қызметпен айналысу үшін шығармашылық демалыс алуға;
2. Біліктілікті арттыру курстарына баруға;
3. Сіздің рұқсатыңызсыз өзге біреу сабағыңызға қатысқанда үстінен шағым жасауға немесе сыныптан шығарып жіберуге;
4. Өзінің кəсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына (қорғалмаған жағдайда екінші тарапқа 303 мың теңге айыппұл салынады)
5. Концерттерге билет сатып алмауға;
6. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша бермеуге;
7. Мектептегі түрлі шараларға 200-300 тг болсын қоспай қоюға;
8. Қоғамдық шараға ТЕК ӨЗ ЕРКІҢІЗБЕН ҚАТЫСУҒА;
9. Завучтың не директордың ақысы төленбейтін сабағын өткізбей қоюға;
10. Еңбек демалысына шығуға;
11. Ауырып қалған жағдайда АҚЫЛЫ больничныйға шығуға;
12. Жəне жалақыңыздың есебін əр ай сайын бухгалтерден алып отыруға құқылысыз!
Мен тек қажет-ау дегендерін теріп жаздым. Астына өздеріңіз білетін құқықтарды да қоса кетсеңіздер болады😉 Біз демократиялық Мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан заң бұзушылықты байқасаңыз сотқа беруге де құқылысыз! Сондықтан ешкімнен қорықпай басты тік көтеріп жүріңіздер🔥
.
#ұстазыңды
#атаңнандаəзізтұт
#мұғалімдержасасын!
#Суретменіңұстазкезімнен