Балаға дұрыс есім қою керек

 

Неге екенін қайдам, балалы болайын деп жүргендер менен күшті есімдер сұрайды. Қойғысы келсе де үлкендерден аса алмайды кейбірі. Өзім ана болғанда бар балаларымның есімдерін өзім қоямын деп қоямын. Сондай келісім-шарт жасайтын сияқтымын))))). “Бала сендердікі ғой, мен ат қоя салсам ештеңе болмайтын шығар, тәрбиелеңіздер, тіпті сабақтарын да сіздер оқытыңыздар” дейтін сияқтымын қайынжұртыма)))). Сіздерге қандай есімдер ұнайды? Ұл-қыздарыңыздың есімдері кімдер? Қазір қандай есімдер трендте? #Аяла, #Айя, #Хан, #Мансұр, #Әмір,#Әлихан, #Ахмет, #Малика, #Аяна деген есімдерді жиі естимін қазір. Бір кездері #Кәусар, #Қарақат, #Райана, #Ерасыл, #Айару, #Айша, #Айзере, #Мәриям, #Айлин, #Дильназ деген сияқты есімдер көп болған (қазір де қойылып жатқан шығар). Өзім жақында #Эсманур, #Жасмин, #Осман, #Омар, #Байқанат, #Ақжүрек, #Мұстафа, #Муслима деген балапандардың аттарын естідім (атын кім қойдыңдар дегенімде). Қазір мұсылманша,арабша қойылатын болыпты. Ерекше есімдер де жоқ емес. @erdoskanaev-тың Диасыл деген баласының аты қатты ұнайды. @raushangalymqyzy Раудың ханшайымының есімі де ерекше,әдемі – Нұржәннат. @aida_zhantileuova-ның Луара,Айлы деген ханшайымдарының аттары да ерекше. Айлы мағынасы жағынан Айлаға келеді,иә? Айтпақшы,өз есімдеріңіз, балаларыңыздың есімдері өздеріңізге ұнай ма? Менің аттастарым да аз. Бірақ, танымал есім. Әзілдерде жүреді әйтеуір