Келін болудың қыр-сыры

 

Пай-пай қазақтың келіндері-ай! #Маңғыстау-дың келіндері ғой. Бізде сәлем осылай етіледі. Менен біздің жақтың салт-дәстүрін көп сұрайды достарым, таныстарым. Өздері Маңғыстауға келін болғылары келіп жүрсе де білмеймін))). “Саған да сәлем ететіндер бар ма?”,-деп те сұрайды. Шүкір,жетерлік (санынан шатасам шығар)))). Маған сәлем ететін келіндерім, қол көтеріп қойсаңыздар болады. Әлі тұрмысқа шықпаған қыздарға сәлем ету маңызды емес деп жатады ғой, күнде көріп жатқан жоқпын ғой деп, “сәлем етпеңдер” демедім ешқайсысына. Без обид, келіндерім. Әйтеуір ауылға барсам, түскелі көрмеген келіндерім болса да,сәлем етіп жатады. Кейбірі осы инста арқылы біледі деген сияқты (құдіреттілігі ғой инстаның))). Биыл ауылымызға келіндер көп түсті, шүкір. Бұйыртса, жалғасатын сияқты. Ешбір келін сәлем еткеннен шаршамайтын шығар. Себебі, иіліп сәлем салуы – сыйластықты, жолының кішілігін және ер-азаматының бар екенін білдіреді (күйеуі қайтыс болған адам сәлем етпейді). Сондықтан, сәлем еткеннен, сәлем салғаннан қашпаңыздар! Ғұмырда сіз-біз десіп, амандасып жүргеннен артық не бар?..Осы жайында өзіме де талай сұрақ қойылады. Сол салт-дәстүрлер, менталитет үшін өз жағыма тұрмысқа шығуды қалаймын негізі… Айтпақшы, кей жерлерде қайын аталарының бетінен сүйіп, күйеуінің ағалары мен апаларының аттарын айтып отыра береді. Таңғалатынмын басында, қазір үйрендім. Екі бауырдың келіншектері бір-біріне #абысын болатынын бәрі білетін болар. Біз жақта кішісіне келінім деп сөйлейді. Абысыным деп тек үлкендерге айтады. Көп жерде үлкенін де,кішісін де абысыным дей береді екен. Ерекшелік. #салтдәстүр #біржарысқақатысыпжатырмынтүрлітақырыптапостжазукерек #келін #362 #сәлем #сәлемету #сәлемсалу