Сұлу болғым келеді

 

Тойға көйлек іздеп,небір көйлектерді көріп,қызығып қойдым. Үнемі арманымдағы көйлек киетін адам құсап қоямын тағы)))). Сөйтіп отырғанда, @erdoskanaev досымның уатсаптағы статусынан: “Киіміңді емес,өзіңді көрсет” дегенін оқып қалдым. Сигнал сияқты,маған айтылғандай болды. Қой,қарапайым киінейін дедім. Расымен,көп адам тойға киімін көрсету үшін баратындай қазір. “Шикарная” көйлекті алып алып,артынан шифонерде тек тұрғаны да жаман. Басқа тойларға кие беру де ұят. Мен көбінде тойға алып,сосын киіп тастаймын екен. Жалпы,киімдерім тозбайды менің. 1045 киім болса да, кейде 3-4 киімді айналдыра береді екенмін сосын. Фотоға да көп түсемін сосын. Енді сұрақ: жап-жарасымды киімдерді қайдан аласыздар? Кімнің киінгендері ұнайды? (айналаңыздан,танымал адамдардан). Қандай стильде киінген ұнайды? #Киім мәселесінде кіммен ақылдасасыздар? Қай парақшаларды парақтайсыздар? Тіктіртіп киетіндеріңіз бар ма? Іздеп жүресіздер ме,әлде бұйырғанын аласыздар ма? Қандай түстер ерекше ұнайды? Мен қара көйлек,кофталардан алыс жүремін әйтеуір. Сап-сары түстен,алабажақтан сосын тым қысқа,ашық киімдерден қашады екенмін. Арзан не қымбат деп бөлмеймін,әр кезде әрқалай. Көбіне,ыңғайлы киім іздеймін (әзірге). Себебі, арқалау оңай емес)))). Толтырып киім ала беретін адамдардың қатарынан емеспін (Болашақ күйеуіме повезло)))). (Айтпақшы,киімге қатысты парақшаларды, тігіншілерді белгілеп кетіңіздерші,біле жүрейік). @alymbetova_ardak парақшасын тауып алдым деп, мен де тегін жарнама жасап жіберейін. #сән #стиль #талғам #мода #elbise