Тіл тазалығын сақтай білеміз бе?

 

“Официально вторашпын” деп жазбаймын. “Ресми түрде екінші курстың студентімін” деп жазамын. Кеше кураторымның бір сөзінен кейін ойлана бастадым. “Кәрістің, ағылшынның, орыстың сөздерін қазақтың сөздерімен (сленг) араластырып тілді ластап, құртып жатырсыңдар” дейді. Шынымен де бізден кейінгі ұрпақ не кәріс емес, не ағылшын емес не қазақша емес қойыртпақталған тілмен сөйлейді-ау деп қауіптенбейтініміз өкінішті. …….
.

Бірде бір бала хабарламаны қазақша қате жазғаны үшін сөйлеспей қойған болатынмын. “Қатесіз жазып үйрен, сосын сөйлесемін” деп. Бұдан бөлек қазақша жазғанның өзінде “Не истеп? Жатрм. Отырм” деген қателер өріп жүреді. Қазір 5-6 жастағы кішкентай балалардың өзі телефон пайдалана алады. Кейін санасы тап-таза балаңызға сіз солай хабарламаны қате жазсаңыз, “Ее, мынау осылай екен!” деп ол солай сауатты сауатсызға айналып кетпей ме?!
………
.
Өзге тілді білмеңіз демеймін. Біліңіз, бірақ тіл тазалығын сақтайық. Шешендік өнер атты кітапта Бейімбет Майлиннің “Тіл тазалағы” атты мақаласы бар. Соны оқыңыздаршы. Өздеріңіз ұяласыздар.
….
.
Ойланып қараңызшы сіздің үстіңізге ұн жағып, артынан бал жағып, сыртынан бір қабат киім кигізіп, оның сыртынан тосап жақса артынан су төксе жақсы ма?! Тоз-тозыңыз шығып кетпей ме?! Дәл солай тілге де адамға құрмет көрсеткендей, құрмет көрсетуіміз керек. ….
.

Жомарт ағайым айтпақшы “Біздің қазақ болып туғанымыз біз үшін-нығмет” дейді. Неге? Себебі қазақтың тілінің дыбысталуы барлық тілді икемге келтіре алатын қабілетке ие. …
.
П.С. Артымдағы бала артымнан қалмайды, суретке түссем де, құлағы қалмай қалыпты

.
Суреттің иесі @a_paaradisee
#oqyrman_qyzdan_pk
#oqyrman_qyz_qyzygy
#тіл #анатілі #қазақтілі #сленг #жаргон