Жастар арасында волейболдан турнир өтті

2019 жылы 28 қыркүйегінде «Jas Otan» ЖҚ Алматы қалалық филиалы «Волонтерский корпус» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен  волейболдан жастар арасында турнир өтті.

Акцияның мақсаты – салауатты өмір салтының маңыздылығын жастар арасында дәріптеу. Жастарды топтық ойындар арқылы жауапкершілікке баулу, қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Турнирге 9 команда қатысты. Жүлделі орындарды иеленген командалар медальдармен, димломдармен марапатталды. Ойынның нәтижесіндн 1 орынды № 47 жалпы білім беретін мектеп, 2 орынды АҚТК колледжі, 3 орынды № 158 жалпы білім беретін мектеп құрамалары алды. Қалған командалар қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды.