ЛЕТОҒА ҚАЛУ немесе ҰБТ-дан өтірік ұпай жинап оқуға түсудің ҚАСІРЕТІ.

Кеше сағат кешкі 5-тер шамасында кітапханадан шығып бара жатсам, бір қыз көз жасын көлдетіп анасына хабарласып сөйлесіп бара жатыр. Естімейін десем де енді әңгімесін естідім. Сөзіне қарасаң 1-курстың студенті, әрі біздің ҚазҰУ-дағы МехМат па, ФизТех па әйтеуір осы екі факультеттің бірінде оқитын көрінеді. “Мама, сабақ қиын! Үйге Көөөп есеп береді. Ол программаны мен білмеймін де. Мен математиканы мектепте дұрыс оқымағанмын. Оқығым келмей қалды. Жоғары балл алып қуанғанымды қайтейін мына жақта оқу қиын болып жатыр” деп жылап жатыр. .
.
Сонда ойыма бірден ҰБТ-дан сырттан көмек келіп жоғарғы ұпай жинап, оқуға түскен соң ЛЕТОҒА қалып жататындардың жағдайы келді. Шынымен де біздің көп түлектердің ойында қалай да жоғарғы ұпай жинау болады. Бұл дұрыс емес. Әрине ары қарай ЖОО-да оқып кете алса жақсы, оқи алмай ШӘКІРТАҚЫДАН айырылып, ЛЕТОға қалып жатса, онда әңгіме басқа. .
.
Көп мектеп бітірейін деп отырған оқушылардан келетін бірден бір сұрақ “универде ПАРА АЛА МА?” Менің айтатыным “АҚША сұрайды” дейтін студент оқи алмаған студент. Мен өз басым айтайын менің факультетімде АҚША СҰРАҒАН мұғалімді көрмеппін. Сен өзің білімді болып тұрсаң, өзіңді өзің дәлелдеп тұрсаң, мұғалім сені өзінен өзі құлатпайды ғой. .
.
Одан қалса “Сіздерде (ФИЛФАКТА) сабақ оңай” деген сөзді естимін Айналайын, біздің факультетте де ЖАЗҒА ҚАЛЫП, Шәкіртақыдан айырылып жатқандар бар. Ешқандай сала оңай емес. Бастысы сүйіспеншілікпен оқу керек.
Мектепте алған шынайы білімің, жәй білім емес шынайы білімің бәрібір мына жаққа келгенде көрінеді. Өзің байқайсың кімнің шынымен 130 баллды өзі жинап, кімнің көмекпен алғанын. .
.
Жарайды, менің факультетімнің сабағы оңай десеңіз, мынаны айтайын ФизТехта, МехМатта оқитын қаншама танысым, досым бар. Шәкіртақыны да алады, Летоға да қалмаған. Себебі мектепте таңдау пәндерін жақсы меңгерген. .
Айтпағым, болашақ түлек, оқыңыз. Шынайы білім ғана сізді шыңға шығарады.
Иә, басында қиын болады ЖАҢА ОРТА, УНИВЕРДІҢ СИСТЕМАСЫ БАСҚА. Адаптация болып, үйренісуіңізге уақыт керек болады. Бірақ есеп шығара алмағандығыңызды МҰҒАЛІМНІҢ қаталдығына жаппаңыз.
Сонымен қатар мені оқитын ата-аналар грантқа түсу оңай деп қабілеті жоқ пәнді таңдатпаңыздаршы. Қабілет пен еңбек екеуі бірге қызмет етсе бір нәтижеге жететіні анық қой