❌”ЖОҚ” деп айта аласыз ба?!❌

Осыдан бір жыл бұрын, яғни мектеп кезімде мен өзімнен көмек сұраған жанның бәріне көмектесуге даяр тұратынмын. ❌”ЖОҚ” ❌деген сөзді айта алмайтынмын. Бірақ қазір айта аламын.
Студенттік өмір адамды өзгертеді деген рас нәрсе. Адамның мүлде өзгермеуі мүмкін емес. Шынымен, ойлап қараңызшы. Сіз бір жанға көмектестіңіз, сізге келетін пайда бар ма? Жо-жоқ, мен жақындарыңызға қол ұшын созбаңыз демеймін. Тек сіз алдымен өзіңізді қамтамасыз ету керексіз. Өзінің жағдайын жасай алмаған адам, басқа біреудің жағдайын жасай ала ма?
.
. 🌸Сосын уақыт деген нәрсе бар.
✅Мен үшін УАҚЫТЫМ ең құнды нәрсе. Уақытымды өзіме пайдасы жоқ нәрсеге құртқым келмейді.
Саған өтініш айтқан адамға өзінің өтініші сондай маңызды болса, шығатын жолды қайткен де табады.
Мысалы, мен “Қарным ашып тұр, бірақ тамақ жасауға ерініп тұрмын” десем, демек қарным ондай қатты ашпағаны да😅. Егер қарным қатты ашса, жұмыртқа қуырып жесең де әйтеуір, бір нәрсе қыласың ғой. Тура сол сияқты нәрсе. Біреу үшін сондай маңызды болмаған шаруа, сен үшін неге маңызды болу керек?!
.
.
🌸Мұның бәрін неге жазып отырмын?! Жеке бас тиімділігін арттыруға не кедергі деген сұрақты өзіме қойып, саралап қарасам, өзімізге пайдасы жоқ нәрсемен уақытымызды бос өткізуіміз екен.
Тағы бір мысал келтіре кетсем: Голливудта Джон Уэйн деген актёр болған. Бір күні кинокомпанияда кризистік жағдай туындап продюсерлер хатшысына хабарласқан екен. Хатшысы актёрға жеткізгенін айтып есеп береді. Бірақ тағаты таусылған продюсерлер хатшыға айғайлап береді. Шошыған хатшы қыз Джон Уэйнға барып, продюсерлерге шығу керектігін, қандай да бір проблема туындағанын айтқан екен. Сонда актёр: “Проблема? Кімде проблема? Менде проблема жоқ. Менде жоспар бар. Жоспарымдағы жұмысымды бітірген соң хабарласамын” деген екен. .
.
❤️Сондықтан жоспармен “ЖОҚ” деп айтып, уақытымызды бағалап тиімділігімізді арттырайық
#oqyrman_qyzdan_pk