150 ТЕҢГЕ

 



2 қыркүйек күні Ботаникалық бақтан ҚазҰУ-ға жету үшін автобусқа отырдым.

“Бір-ақ остоновка ғой несіне отырдың?” деп күлерсіз. Ендеше себебін түсіндірейін жаңадан алған аяқ киімім (туфли) аяғымды қажап, быт-шытымды шығарып жіберді. Аялдамаға жеткенге дейін әрең шыдап келдім, тіпті, жылап жібере жаздадым.

Сөйтіп автобусқа отырып оңайымды басайын деген кезімде ішінде ақшаның жоқ екені есіме түсіп кетті де, оңайымды баспадым. Телефонымды алып Каспи голдтан ақша салайын десем, ол салған ақшам, менің оңайыма түсіп болғанша мен Универдің аялдамасынан түсіп кететіндей уақыт болады. Ал қолма-қол берейін десем, қолымда тұтас 10 мың теңге. Оны жүргізушінің ұсата қоятынына сенімсіз болдым.
Мен екі сағат “Қалай жол ақысын төлеймін?” деп тұрғанда автобусым жетіп қоятын болды. Аяғымның ауырып тұрғаны бар, ақшаны төлей алмай терлеп кеткенім бар, қып-қызыл болып ұялып кеттім.

Сосын бір кезде сөмкемді ақтарып көрейінші тым болмаса 50 теңге шығатын шығар деп ақтардым. Шықпаса ағайға тұтас ақшамды берем, жол ақысын алса алды, майдалай алмаса өзі де жібере салар деп ойладым. Сөйтіп тұрғанымда сөмкемнің жанындағы жасырын қалтада тұп-тура 150 теңге бар екен. 150 теңгенің шыға қалғанына қуанып тез жүргізушіге апарып бердім. Сол кезде жүргізуші ағай бетіме күліп қарады да:

—Жарайсың, қызым! Әдетте бір аялдама үшін ғана отырғандар жол ақысын төлемейді. Сосын орамал таққан қыздар жамандықтан қаншалықты аулақ болады екен, қаншалықты таза екен, көрейінші деп сені бағанадан бері бақылап тұр едім. Содан кейін көбісі Орамалды қыздарға дұрыс қарамайды ғой. Орамал тағып алып, өсек айтатыны да бар деп естіп жатамыз. Ал, сен болсаң бір аялдама болса да, ақшасын әкеп беріп тұрсың, жол ақысы дегенді біледі екенсің.”-, деді.
______________
Мәә, сіз менің сол кезде өзіме қалай іштей риза болғанымды білсеңіз ғой. 😭😭😭😭😭 Апамның кішкентай күнімнен жол ақысын жеуге болмайды деп миыма құйған ақылы үшін, берген тәрбиесі үшін апа(әжеме) қатты риза болдым. Содан кейін менің артымда жауапкершілік тұр екен ғой, бір 150 теңге төлемей бүкіл қыздардың атына сын келтіріп жіберуім мүмкін екен ғой деген ойға қалдым

#oqyrman_qyz_qyzygy