Конкурс

Ақмола облысында өтетін “Зерен-2019” Республикалық жастар жазғы лагеріне өтінімдер қабылдау басталды 2019

Байқау бағдарламасының бағыттары бойынша кәсіпкерлік және әлеуметтік жобаларды әзірлейтін және іске ..

Байқау бағдарламасының бағыттары бойынша кәсіпкерлік және әлеуметтік

жобаларды әзірлейтін және іске асыратын 18-29 жас аралығындағы жастар қатысуға жіберіледі.

 

  1. Қатысу мерзімі мен шарттары

 

Конкурстық іріктеу 2019 жылдың 27 мамырынан 20 маусым аралығында www.zerencamp.kz сайты арқылы жүргізіледі (сілтемеге өту үшін Google Chrome веб-браузерін қолданыңыз).

1 кезеңге іріктеу (3.07-11.07) – 10 маусымға дейін;

2 кезеңге іріктеу (13.07-21.07) – 15 маусымға дейін;

3 кезеңге іріктеу (23.07-31.07) – 20 маусымға дейін;

Байқауға қатысу үшін қатысушы эссе және видео-презентация (қазақ немесе орыс тілдерінде) дайындап, сонымен қатар, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беруі тиіс.

 

  1. Эссе және видео-презентация форматына қойылатын талаптар.

 

Эссе құрылымды болуы керек. Сұрақтарға жауаптар дәйектелуі керек, абзацтар арасында логикалық өтулер болуы тиіс.

 

  • Форматы – Microsoft Word электронды файлы;
  • Көлемі – А4 форматындағы 2 беттен артық емес, бірақ 0,5 кем емес;
  • Шрифт – Times New Roman;
  • Шрифт өлшемі – 12, жоларалық интервал-1,0;
  • Сақталған файлдың атауы қатысушының тегімен берілуі міндетті (мысалы: Эссе_Ахметова К.К.)

 

Эссенің мазмұны:

 

  • Өзіңіз туралы ойды екі сөйлемге сыйдырыңыз;
  • Өзіңіздің мақсаттарыңызды ««Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагерінің»» байқауына қатысу арқылы сіздің қандай жеке және кәсіби қабілеттеріңізді кеңейтуге көмектесетінін жазыңыз;
  • Сіздің бағдарламаға қатысуыңыз сіз тұратын елге/аймаққа қандай пайда әкелуі мүмкін?
  • Сіз әлеуметтік-бизнес жобаларына қатысып көрдіңіз бе? Иә болса, мысалдар келтіріңіз. Егер сіз әлеуметтік, кәсіпкерлік жобалардың қатысушысы болмасаңыз, онда сіз әлеуметтік, кәсіпкерлік бизнес жобасын іске қосқыңыз келе ме? Қандай бағытта?

Эссе www.zerencamp.kzсайтына жүктеледі (сілтеме бойынша өту үшін Google Chrome веб-браузерін пайдаланыңыз).

Видео-презентация құрылымды және 90 секундтан аспайтындай видеоға толық жазылуы тиіс. Конкурстық комиссия сіздің ойыңызды анық баяндалуын және ақпаратты бере алуы, көруі және естуі үшін жазба сапалы болуы тиіс (дыбысында, жарығында, көріну жағынан ақаулар болмауы керек). Видеожазба смартфонмен, кәсіби аппаратпен де түсіруге болады.

 

Видео-презентацияның мазмұны (өзін-өзі таныстыру презентациясы):

 

  • Өзі туралы таныстырылым (Аты-жөні, мекен-жайы, қандай іспен айналысады);
  • Байқауға қатысуға не себеп болды?
  • Өзіңізді дамытудағы ерекшеліктер мен басым жақтарыңызды атаңыз?
  • Байқау бағдарламасы сіздің әлеуетіңізді ашуға қалай көмектеседі?
  • Сіздің өмірдегі басты жетістігіңіз?

Бейне-презентация www.zerencamp.kz сайтына жүктеледі (сілтеме бойынша өту үшін Google Chrome веб-браузерін пайдаланыңыз).

 

  1. Лагердің қорытындысын шығару

 

Комиссия мүшелері қатысушыларды іріктеу бойынша түпкілікті шешім және конкурстық бетте қолжетімді болатын барлық қатысушылар бойынша қорытынды тізім қабылдайды. Комиссияда азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіжәне ЖАО өкілдерінен тұрады.

Конкурстық комиссия байқауға қатысушының өтінімінің себептерін түсіндірмей кері қайтаруға құқылы.

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

 

Конкурстың жеңімпаздары «Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагеріне қатысуға жолдама алады. Жүлделі орындардың жеңімпаздары мадақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

 

  1. Басқа

«Зерен-2019» Республикалық жастар жазғы лагерінің шығынын (жатын орын және тамақтануды қосқанда) ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Ұйымдастырушылар, сонымен қатар, қатысушылардың поезд немесе автобус жол шығынының бір бөлігін төлейді (транспорттық шығындар, растайтын құжаттар болған жағдайда 10 мың теңгеден аспауы тиіс).Ұйымдастыру комитетімен байланыс: info@zerencamp.kz