Фото – Almaty Jastary https://almatyjastary.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Tue, 07 Jan 2020 10:08:08 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.2.4 Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді үйренуде https://almatyjastary.kz/news/18136/ https://almatyjastary.kz/news/18136/#respond Sat, 04 Jan 2020 10:07:54 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=18136 Алматыда балалар үйінің балаларына коньки тебуді тегін үйрету акциясы жалғасуда.

Ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған«Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне арналған алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әр жастағы 30 балатәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Сырғанау кезінде шай ішу үзілісі де болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап балалар үйінің тәрбиеленушілері қаланың төрт тегін мұз айдынында коньки тебуді үйреніп жүр. 2020 жылдың көктеміне дейін балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушісін конькимен сырғанауға үйрету жоспарлануда. Оқу курсы аяқталысымен балаларға сыйлықтар беріледі.






]]>
https://almatyjastary.kz/news/18136/feed/ 0
Жазушылар Алматы әкімінің гранттарын алды https://almatyjastary.kz/news/17798/ https://almatyjastary.kz/news/17798/#respond Fri, 20 Dec 2019 04:36:53 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17798 Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында шығармашылық кәсіптің 60 өкілі әкім гранттарының иегерлері атанды. Бұрындары гранттарды 90 жазушы, ақын және әдеби сыншылар алған болатын.

Әкім гранттары жас жазушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға қолдау көрсету және қалыптасқан сөз зергерлерін атап өту жөніндегі игі шаралардың бірі болып табылады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өскелең ұрпақты Отанға, туған қаласына деген патриотизм мен сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде шығармашыл зиялы қауымның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде кітап шығаруда, Жазушылар үйін жөндеуде, шығармашылық конкурстарды өткізуде қаланың тиісті қолдау көрсететінін атап өтті.

Өз кезегінде жазушылар мен ақындар келер жылы Абай мен әл-Фарабидің құрметіне өтетін мерейлі шаралардың, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтудің контентін қалыптастыруға өз үлестерін қоса алады.








]]>
https://almatyjastary.kz/news/17798/feed/ 0
Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін конкимен сырғанауға үйретеді https://almatyjastary.kz/news/17802/ https://almatyjastary.kz/news/17802/#respond Fri, 20 Dec 2019 04:30:54 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17802

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 20 желтоқсаннан бастап балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қаланың әлеуметтік мұз айдындарында сырғанауды тегін үйрететін акция басталды. Аталған шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақты спортқа тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 10-нан 15 жасқа дейінгі балаларды нұсқаушылар конькимен сырғанауға үйретеді. Сырғанау кезінде шәй ішу үшін үзіліс болады. Балаларға Жаңа жылдық сыйлық та қарастырылған.

Мұз айдындары жұмыстарын тоқтатқанша акцияны жалғастыру жоспарланған. Барлығы 80-нен астам бала конькимен сырғанауға үйренеді.

Еске салсақ, қалада биылғы маусымда конькимен сырғанау үшін 4 алаң ұйымдастырылған. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент паркінде, 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, төртіншісі – Түрксіб ауданындағы MART сауда орталығының алдындағы алаңда.

Барлық мұз айдындарында конькиді жалға беру нүктесі, демалатын және қоғамдық тамақтанатын орындар ұйымдастырылған және Тұңғыш Президент паркіндегі мұз айдынынан басқасында тәулік бойына сырғанауға болады. Ал аталған паркте сырғанау уақыты таңғы сағат 6.00-ден түнгі 23.00-ге дейін. Мұз айдындары 10 наурызға дейін ашық болады.





]]>
https://almatyjastary.kz/news/17802/feed/ 0
Алматыда бас шырша жағылды https://almatyjastary.kz/news/17762/ https://almatyjastary.kz/news/17762/#respond Fri, 20 Dec 2019 04:22:17 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17762 19 желтоқсанда қаланың барлық аудандарында жаңа жылдық шырша жағылды.

 

Ең басты 20 метрлік шырша «Астана» алаңына қойылды. Жаңа жыл қарсаңындағы рәсімге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Бас шырша жарықдиодты гирляндалармен, жаңа жылдық ойыншықтармен және гирляндалармен безендірілген.

Жалпы қала бойынша биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін 9 жасанды шырша қойылды.

Шыршалар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандары әкімдігі ғимаратының алдында, Ғ. Мүсірепов, Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының алдында, Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында және Наурыз Village СОО алдындағы алаңда жағылды.

Салтанатты шараға қазақстандық әртістер қатысып, әннен шашу шашты. Олардың ішінде Әли Оқапов, Renzo, Shamis, EQ, Alem Band, Mad Men, Малика YES, Ziruza, КешУоu, Мәдина Сәдуақасова, Асхат Тарғын, Кентал, Mysterions, Дауыс Intern. тобы, Ақылбек Жеменей мен Луина өнер көрсетті.
























]]>
https://almatyjastary.kz/news/17762/feed/ 0
Қаладағы мұз айдындары ретке келтірілді https://almatyjastary.kz/news/17725/ https://almatyjastary.kz/news/17725/#respond Thu, 19 Dec 2019 07:57:29 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17725 Алматы әкімінің ескертулерінен кейін қаладағы тегін мұз айдындары ретке келтірілді.

Осы маусымда мегаполисте конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды. Олардың үшеуі Тұңғыш Президент пен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды. Төртіншісі жоспар бойынша келесі аптада Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдындағы алаңда ашылмақ.

 

Бұған дейін мұз айдындарын аралаған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сырғанау алаңдарындағы мұз жамылғысының сапасына назар аударуды тапсырып, сервистік инфрақұрылымды ретке келтіру туралы бірнеше ескертулерді айтқан еді.

 

Төрт мұз айдынының жалпы ауданы шамамен 12 мың ш.м. Ең үлкені Тұңғыш Президент саябағында орналасқан. Оның ауданы – 3,8 мың ш.м., 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында – 3,4 мың ш.м., Наурызбай және Түрксіб аудандарында тиісінше 2,5 және 2,2 мың ш.м. құрайды.

 

Барлық мұз айдындарында конькиді жалға беру орындарыдемалыс орындары мен қоғамдық тамақтану орындары бар. Ауа райының температурасы Цельсий бойынша +15 градусқа дейін көтерілсе де, мұздың сапасын сақтауға мүмкіндік беретін салқындатқыш қондырғылар жұмыс істемек.

 

Жалға берудің жұмыс уақыты: сағат 10:30-дан түнгі 23-ге дейін. Таңғы 6-дан түнгі 23-ке дейін жұмыс істейтін Тұңғыш Президент саябағындағы сырғанау алаңын айтпағанда, қалған мұз айдындары тәулік бойы сырғанауға қолжетімді болмақ.

Мұз айдындары 10 наурызға дейін жұмыс істейді.









]]>
https://almatyjastary.kz/news/17725/feed/ 0
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап ас берілді https://almatyjastary.kz/news/17713/ https://almatyjastary.kz/news/17713/#respond Tue, 17 Dec 2019 16:12:31 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17713 Бүгін, 17 желтоқсан күні Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап ас берілді

Қаһармандарымызды еске алуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен олардың туысқандары қатысты.














]]>
https://almatyjastary.kz/news/17713/feed/ 0
Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды https://almatyjastary.kz/news/17564/ https://almatyjastary.kz/news/17564/#respond Mon, 16 Dec 2019 08:02:38 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17564 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Шараға қала басшылығы, Ардагерлер кеңесі, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, жастар ұйымдарының мүшелері, қала тұрғындары қатысты.

Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты маршпен жүріп өтті.

 

 

 

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17564/feed/ 0
Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттерін табыстады https://almatyjastary.kz/news/17535/ https://almatyjastary.kz/news/17535/#respond Sat, 14 Dec 2019 07:04:36 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17535 Бірінші пул бойынша барлығы 1244 өтініш келіп түсті. Соның ішінде баллдық жүйеге сәйкес 249 үміткердің тізімі жасалды.

Олардың ішінде көп балалы отбасылар, білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Алматы әкімдігімен өтініштерді қабылдайтын арнайы www.almaty-jastary.kz сайты әзірленді. Бірінші пул бойынша Алатау ауданындағы Көкқайнар ықшамауданындағы 249 пәтерге өтінімдерді қабылдау 30 қазан мен 12 қараша аралығында өтті. Жыл соңына дейін тағы 801 пәтерге конкурс жарияланады. Сөйтіп, 1050 жас отбасын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар жылын» өткізу аясында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру бағдарламасы әзірленді.

 

Бұл бағдарлама 5 жылға жеңілдетілген бағамен жалға алуға және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қаражат салуға мүмкіндік береді. 1 бөлмелі пәтерге ай сайынғы жалдау ақысы 4 380 теңгені құрайды.

 

Жалға берілетін тұрғын үй алу үшін мынадай талаптар қойылды:

• 29 жасқа толмаған жастар;

• Алматы қаласындағы тіркеуі кемінде 2 жыл;

• 2 жылдан астам тұрғын үйі жоқ;

• Ай сайынғы табысы кемінде 101 000 теңге және банкте жинақ шоты (депозиттік) бар.

 

Жыл сайын осы бағдарлама бойынша 3 жыл ішінде 1 050 отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 2020 жылы қосымша «Алматы Жастары-3» қалалық бағдарламасы іске қосылады. Мұнда 35 жасқа дейінгі 1000 жас отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өткен 2 жылда «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында 238 жас отбасы 5 пайыздық мөлшерлемемен пәтер алды.






]]>
https://almatyjastary.kz/news/17535/feed/ 0
Құрметті АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ және БАҚ ӨКІЛДЕРІ https://almatyjastary.kz/news/17508/ https://almatyjastary.kz/news/17508/#respond Thu, 12 Dec 2019 10:17:39 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17508 Биылғы Жастар жылына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастарға қолдау көрсету» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 желтоқсан күні өтетін  «JASTAR INNOVATION-2019» инновациялық жобалардың көрмесіне шақырамыз. Көрме Smart Point коворкинг орталығында өтеді. Уақыты: 16.00-18.00.

Көрме барысында жастардың инновациялық жобаларының таныстырылымы болады. Үздіктер анықталып, марапаттау рәсімі өтеді. Көрмеге кәсіпкерлер, инвесторлар, қала тұрғындары, жастар, БАҚ өкілдері т.б. қатысады.

 

Өтетін күні: 18.12.2019 ж.

Уақыты: 16.00-18.00

Өтетін орны: Smart Point коворкинг орталығы, Амфитеатр залы. (Алматы қ, Байзаков көшесі, 280)

E-mail: [email protected]

Байланыс телефоны: 8 778 778 3 778, 8 775 919 80 99.

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17508/feed/ 0
Жас кәсіпкерлер, стартаперлер, инноваторлар, белсенді жастарға шеберлік-сыныптар өткізді https://almatyjastary.kz/news/17499/ https://almatyjastary.kz/news/17499/#respond Thu, 12 Dec 2019 10:10:28 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17499 Желтоқсан айының басында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Jastar Innovation» жобасы аясында жас кәсіпкерлер, стартаперлер, инноваторлар, белсенді жастарға шеберлік-сыныптар мен кездесулер өткізілді. Шараға 100-ден астам жастар қатысты. Оларға арнайы кәсіби кәсіпкерлер, бизнес тренерлер дәріс берді.

Алдағы 2019 жылдың 18-желтоқсан күні Алматы қаласында Smart Point коворкинг орталығында, сағат 16.00-де жобаның қорытынды кезеңі өтеді. Ол жерде жас инноваторлардың жобаларының таныстырылымы болады. Үздіктер анықталып, марапатталады.

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17499/feed/ 0
Б. Сағынтаев: Біз жастарға «Алматы арманын» жүзеге асыруға көмектесеміз https://almatyjastary.kz/gallery/16942/ https://almatyjastary.kz/gallery/16942/#respond Sat, 16 Nov 2019 10:39:03 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16942

]]>
https://almatyjastary.kz/gallery/16942/feed/ 0
Мемлекеттік қызмет мектебіндегі жиырма бесінші дәріс https://almatyjastary.kz/news/17699/ https://almatyjastary.kz/news/17699/#respond Sun, 10 Nov 2019 10:30:14 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=17699 «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын жүзеге асыруда.

Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырма бесінші сабағы 2019 жыл, қараша айының 10-ы күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де жастар «Құқықтық сауаттылық» сабағынан дәріс тыңдады.

Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жобаға қатысушылар Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнур Кисиковпен кездесті.

Ал сағат 12:30-13:30-да жастар «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Күнтубай Айдармен жүздессе, сағат 13:30–14:30-да БҰҰ Балалар қорының директоры Руслан Малютамен кездесті.

Сонымен қатар, жастар сағат 14:30 – 15:30-да Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталағының жетекшісі Тажибекова Жұмагүлмен жүздесіп, қажетті ақпаратпен қамтылды.

 

]]>
https://almatyjastary.kz/news/17699/feed/ 0