Кореяның 5 плюсі+



Ерніне тинт 💋 жағып ап мәз боп жүрген кәріс жігіттерінен бөлек Кореяның қай тұстары ұнайды? Қарапайым 5 плюсін жинадым. 😊

👠Каблуксыз жүру. Жерінің 70 пайызы таулы, қала көшелері ойлы-қырлы, көшеден өткенде бір жағыңа қарай қисайып өтесің,🤪 сторизде көрсеткенмін. Сол себепті және үнемі бір жерге асығып жүретіндіктен биік тақа киген кәріс қызын сирек көресің. Мен де аса ұнатпаймын биікті. Комфорт маңызды маған, комфооорт😍

💄Метрода бояну. Әсіресе таңертең сабаққа, жұмысқа бара жатқанда кекілінде бигуди, қолында пудра мен далап болады қыздардың. Ешкім назар да аудармайды. Олар да қысылып жатқан жоқ. Ей, ұят қой деп ешкім түртпейді. Қыз болсам да сүйсініп отыратынмын.😍

🕒Уақытты үнемдеу. Әдетте жұмыс/сабақ деп жүріп шоппингке дым уақыт болмайды ғой. Ал Кореяда метрода жүріп сауда жасай бересіз. Керек заттарыңыздың тізімін алдын ала жазып алсаңыз болды. Әйтпесе метроның өзінде тауардың түр-түрі бар, басың айналып қалуы мүмкін. 😅

💪Күшті үнемдеу. Ауыр жүкпен, шабаданмен жүрсің делік. Алдыңнан биік баспалдақ шықты. Метро ішінде. Ананы көтеріп шығу мен түсуді айт.😂 Бір жақсысы дәл баспалдақтың жанында шабаданыңа арналған эсколатор бар. Басқаша қалай түсіндірерімді білмеймін🤣 Атын да білмим, сорри😅 Сол жерге қоясың, шабадан сенімен бірге жылжып отырады. Баспалдақ аяқталғанда көтеріп ала қоясың жүгіңді. Мәә кәйіп қой😌

🚂Метро ішінде зат сақтайтын арнайы ақылы жәшіктер, әжетхана, уайфай, кофе, тамақ, ощым бәрі бар! Бір кіріп ал да, жүре бер, Меганың орнын ыспакойны баса алады.😄 Ішің пысқанда нетсе келіп, суретке түсуге болады айдолдардың үлкен суреттерінің қасында. Немесе kakaо talk кейіпкерлерінің мүсінімен селфилат. Сүйікті к-поп тобыңның суреті бейнеленген миллион дүниені таба аласың.😍 Иә, бұның бәрі жай ғана метро ішінде.😁

Келесі постта не туралы жазайын? Не қызықтырады? Пікіріңді төменге қалдыра кет👇😊