Фариза..

Мен де бардым #Фариза-ға. Өлең оқитын адам болса, міндетті түрде Фаризаны парақтайтынына сенімдімін. #Махаббат#ғашықтық жайлы өлең іздесе де Фаризадан іздейді дер едім. Қазақ қыздарының ішіндегі аты аталатын ақындардың бірегейі. Ол жайлы бір ғана спектакль емес, бірнешеу қойылса да артық емес. Кино түсірілсе де көптік етпейді… Бүгінгі #премьера-ны күн санап күттім десем болады. Ұнамады деу ұят болар. Бірақ, бірдеңе жетпей қалды әйтеуір. Оның не екенін дөп басып айта алмаймын. “Қап,бітіп қалды ма?” деп қайттыс. Адуынды, асау Фариза апамызды жүз пайыз көре алмадым сахнадан. Отты жырлары да аз болған сияқты…Арасында Фариза арамыз бен пьеса авторы Роза Мұқанованың диалогы сияқты болып кетті… Сосын тек мұңайтып қойғанына сәл-пәл ойланып қайттым…Ол апамыздың да қуанған, шаттанған кездері болған шығар?! Дегенмен,идея авторы @kopbassarova ханымға, режиссер @farhadmoldagali-ға @farhadmoldagai, керемет актриса Назгүл апамызға әңгіме жоқ. @konir01.
P.s. Мені сырт келбетіммен Фариза апаңа ұқсайсың дегендер бар…
Фаризалар қол көтеріп қойыңыздар. Фаризаларды белгілеңіздер. Ақынның қай өлеңін жақсы көресіздер? Шумақтарын жазып кетіңіздер. #Fariza #ақын #өмірдеақындардыңбәріжалғыз #west