Лайфках – Almaty Jastary https://almatyjastary.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Sat, 31 Aug 2019 10:37:24 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.2.4 КӨЗІ МИНУС жандарға https://almatyjastary.kz/news/15711/ https://almatyjastary.kz/news/15711/#respond Sat, 31 Aug 2019 10:37:24 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15711
СЫҒЫР КӨЗ күлім көз, бота көз.
Бастысы соқыр көз емес.
Көздің көру қабілетін жақсарту үшін үй жағдайында қандай шаралар қолдануымыз қажет?

Бүгінгі әлем медицинасындағы басты мәселенің бірі көз аурулары болып отыр. Статистикаға сүйенсек, әлемдегі 234млн адам көз ауруына шалдыққан, ал34 млн-ға жуығы  жанарынан мүлде айырылған. Ал, біздің елімізде көз ауруы 5-ші орында тұр. Оның ішінде мектеп оқушыларының 40%-ы миопияға, яғни алыстан көрмейтін ауруға шалдыққан.

Ал, көздің көру қабілетін жақсарту үшін не істеуіміз керек? Қандай тағам түрлерін пайданалуымыз керек?

1⃣міндетті түрде дәрігерге көрініп, 6айда бір тексерілуден өтіп тұрғаныңыз абзал.

2⃣көзге арналған арнайы жаттығуларды уақытылы жасап тұру көздің көруін жақсартады. Мұндай жаттығуларды жасау бар болғаны 3минут 25секунд уақытты алады. Кейде 3 минуттан да артық уақытымыз пайдасыз телефон, теледидар қараумен-ақ өтеді емес пе?

3⃣көздің көруіне пайдалы тағамдарды тұтыну ✅Көз А, С, Е витаминдерін қажет етеді.
Себебі А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оған сәуле түсуден қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі.
Бұл витаминдер қандай тағам түрлерінде бар? Қандай тағам түрлерін тұтынғанымыз абзал? ✅• Балық және теңіз өнімдері, скумбрия, майшабақ, қызыл балық.
Балықтың құрамында көз торы мен көз алмасының шырышты қабығын қорғайтын omega3 шала қаныққан май қышқылдары мол. ✅• Е дәрумен мол жаңғақ түрлері, яғни бадам, пісте, орман жаңғағы, грек жаңғағы, жер жаңғағы, миндаль көз торын ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайтын антиоксиданттың қайнар көзі. ✅• Құрамында лютеин мен зеаксантин каротиноидтары бар қызыл, қызғылт сары, сары түсті тағам түрлері: асқабақ, сәбіз, қауын, қызыл жүзім, цитрус жемістері мен өрік, кептірілген өрік, қара жиде құрамында көз тамырларына жақсы әсер ететін кальций мол болып табылады. ✅• Цитрусті жемістерде дәрумендердің барлық түрі кездеседі.
. ✅• Офтальмологтардың айтуынша жасыл түске қарау көзді тынышталдырады дейді. Ал дене жаттығулары, жүгіру, жүзу сынды спорт түрлері көздің бұлшық еттерінің жұмыс жасау қабілетін жақсартады.
Көз бізге берілген аманат
Жанарымызды сақтайық

]]>
https://almatyjastary.kz/news/15711/feed/ 0
Сақтап алыңыз. Оқырман қыздан ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС https://almatyjastary.kz/blogs/15441/ https://almatyjastary.kz/blogs/15441/#respond Wed, 21 Aug 2019 05:54:39 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15441
Алдыңғы постта “Кітап оқымауыңызға не себеп?’ деп бекер сұрамадым
.
⛔Маған жазатын оқырмандар көбіне кітапқа деген “Қызығушылықты қалай арттырсам болады? Ұйықтап кете берем. Қызықсыз болып кетеді” тағысын тағы осындай қиындықтарын айтып жатады. Одан кейін оқитын кітапты таңдау қиын дейді. Ендеше сіздерге оқырман қыз ретінде жауап берейін
.
.
✅ЖАНР
Алдымен қандай жанрдағы кітап оқығыңыз келетінін анықтаңыз. Әр адам әр түрлі, әркімнің талғамы да әртүрлі.

Мысалы мен детектив жанрында жазылған шығармаларды көп оқи бермеймін. Біреу соғыс кезеңінде жазылған шығармаларды оқи алмайды.
. .
✅Күнде тісіңізді неше рет жуасыз?
Әрине екі рет. Сол сияқты кітап оқуды күнделікті бір әдетке айналдырыңыз. Сағаттап кітап оқыңыз демеймін.
Таңертең 20-30 минут, кешке 20-30 минут оқысаңыз бір күнде 80-100 бет оқуға болады.

.
✅АВИАРЕЖИМ
Телефонды 30 минутқа авиарежимге қоя тұрыңыз. Телефоныңызды көтермесеңіз проблема сізсіз де шешіледі. Біз өзіміз менсіз шешілмейді деген нәрсе миға тоқып алғанбыз. Ал, проблеманы шешу үшін кітап оқу керек екенін білгейсіз.

✅ҚЫЗЫҚСЫЗ КІТАП
Кітаптың алғашқы 10 беті қызықсыз болса, сізге оны оқыған ұнамаса, тастаңыз. Басқасына көшіңіз. Бұл кеңесім бастағанын аяғына жеткізетін жандарға ұнамауы мүмкін. Онда бастасаңыз аяқтаңыз .
😅 .
.
✅ЫҢҒАЙЛЫ АТМОСФЕРА
Мен мысалы терезенің алдында оқығанды ұнатам. Біреу қағаз, қалам шашылып жатқан жерде немесе кафе, паркте оқығанды ұнатады. Жаныңыз қалаған жерде оқуға тырысыңыз
. .
✅ӘДЕМІ БЛОКНОТ
Оқығаныңыздан алған біліміңізді немесе цитатаны блокнотқа жазыңыз. Бұл не Оқығаныңызды есте сақтауға көмектеседі Блокнотыңыз да өзіңізге бір ерекше сезім сыйлайтын креативный әдемі😍🔥 болсын. Біреу классикалық дизайнды ұнатады. Енді ол өз жан қалауаңыз
. .
✅УӘДЕ БЕРУ
Өзіңізге ұнамайтын нәрсені жасауға уәде беру. Мысалы анаңызға, досыңызға Мен мына кітапты оқымасам, күнде ыдыс жуам деп айтыңыз. Өзім сөйтетінмін. Себебі ыдыс жуғанды жек көретін едім. Немесе қой сойғанда ішек қарын тазалаймын деген сияқты, күнде 5 км жүгірем деңіз. Орындай алмасаңыз, ақша беріңіз.
.
✅ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
меніңқызғушылығымды (@barkorn мырзаның) Бақытжан Бұқарбайдың “КҮМІС КІТАБЫ” ашқан болатын. Соны оқыңыз. Ол кітапты іздесеңіз Менен сатып алыңыз.😅

]]>
https://almatyjastary.kz/blogs/15441/feed/ 0
Жолға шығарда билет таппасаңыз… https://almatyjastary.kz/blogs/15418/ https://almatyjastary.kz/blogs/15418/#respond Wed, 21 Aug 2019 05:36:56 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15418  

Ертең жолға шығуыңыз керек. Алайда,билет таба алмайсыз. Тапсаңыз, бағасы удай болады. Солай ма? Біздің елге таныс жағдай. Ерте алып қойғанда ғана қолжетімді. Астанаға билет қарағанмын. Бағалары ұшып тұр екен. Айтпақшы, #flyarystan қай өңірлерге ұшатын болды? Жүксіз болуың керек сияқты. Жолаушы қалай жүксіз болады? Ақтауға да бағалар арзан емес. Ұшаққа ең арзаны 29000 екен (Bekair мен Scat), AirAstana-ның бағасы тіптен ұшып тұр. 78000 дегенді де көзім шалды (бір жаққа). Маңғыстауда бәрі бай деп ойлайды жұрт… Аксиома. Пойыздың бағасы да керім емес. Жекеменшік кассалардан алып қалсаңыз, оның үстіне ақша қосылатыны тағы бар. Жаз келді,демек батысқа қарай,батыстан бері билет мәселе деген сөз. Проводниктер алып ала ма,әйтеуір жоқ. Билет таба алмай жүрген бір адамды көресіз… Айтпақшы, біздің “Алматы-Маңғышлақ” пойызының жүру уақыты 9 сағатқа қысқарды ғой,аз да болса. Оған да шүкір. Үш күн ұйықтап, төртінші күн түсетін едік. Сәл де болса уақыт азайтқанына қуанғалы біраз болды. #АлматыМаңғышлақ пойызын жамандайтындар жетеді. Біз де жамандайық десек,басқа пойызымыз жоқ. Құйтақандай бекеттерге (стансаларға) дәмболсын тоқтай береді өзі. (Өзімізше жазып қояйыншы, дәмболсын дегенді өздеріңіз түсініп алыңыздар))) Айтпақшы, жаздыгүні 1-1,5 литр сулардың (спрайт, кола, сарыағаш) бағасы пойыз бен пойыз бекеттерінде аспандап тұрады … Жалпы,пойызда неше түрлі қызық болады. Бөлісем десеңіздер,мархабат. Бізге, ұшақтар мен пойыздарды көбейтіп,билеттерді арзандату керек. Болмаса,қызметкерлердің айлығын көбейту керек. P.s. Әуежайда,вокзалда,ұшақта,пойызда,кемеде түсірілген қандай клиптер бар? Осылармен байланысты қандай ән,кино естеріңізде?

#текөзімеқатыстымәселеемес#Алматы #Астана #АлматыАқтау#АлматыМаңғышлақ #жолаушы#жолдаржолдар #әуежай #вокзал#пойыз #билет

]]>
https://almatyjastary.kz/blogs/15418/feed/ 0
Алғаш рет ұшаққа отырдым… https://almatyjastary.kz/blogs/15132/ https://almatyjastary.kz/blogs/15132/#respond Fri, 16 Aug 2019 16:03:47 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15132

АЛҒАШҚЫ ӘСЕР…

Маған бәрі таңсық😲 Анау не?Мынау қалай деп жүріп өзімді тәй-тәй басқан баладай сезіндім👶

-Айко,әне ана есіктен кіресің де ары қарай кете бересің,- деді де мені әуежайда тастап кетті әкем😫

Ұшқан кезде қатты дыбыс шығады,қорықпа!- деген өте пайдалы кеңес айтты😂 Адамды одан бетер қорқытып😣

Окей,құжат тексеру,тіркелу дегендерден аман-есен өттім. Ұшаққа отыратын кез келді. Кіріп алып өзі кіттәй ұшақтың ана басына бір,мына басына бір барып елдің мазасын алдым,өйтпесем Айкүміс болам ба?😝

Сөйтсем менің орным ұшақтың кірген жерінде,ең алдында екен😁 Мен ұшақтың ішінде қыдырып жүргенде маған жүгімді қоятын орын қалмаған.🤦🏼‍♀️

Оны қоя берші қарны қатты ашқан кекілді қыз жатақханасының жанындағы дүкеннен алған вафлиін асай бастады бір кезде.😋 Жеп болғаны сол екен “құрметті жолаушылар,сіздерге қазір сэндвич пен сусындар таратылады” демесі бар ма?!😅

Интернетте 3 сағаттан аз ұшатын болсаңыз тамақ берілмейді деп оқыған ем.😒 Тегіннен бас тартуға бола ма оны да түгін қалдырмай асап алдым. Диетамен және пигурамен Кореяға баруыма аз қалғанда-ақ қоштасқам.😁 Сеулде жүріп атақты астарының бәрін жемесең күнә ғой!😅

Ұшақта дәл бір әткеншекте отқандай керемет әсерде болдым🤩 Қорқудың еш қажеті жоқ екен. Ақырындап көтеріле бастағанда Алматының үстінен қарау-кәйіп😍 Оңға бір қисайды құлайтындай,солға бір қисайды✈ Ал мен әткеншекте отқандай мәзбін 😂 Сөйтті де бұлттардың арасынан бір-ақ шықты. Аппақ мақта сияқты😍 Не болды,сразу жұмаққа түсіп кеттім ба деп қоям😜

Осы постты жазып отырып Новосібір қаласына қонып жатырмыз. Алда Сеулге дейін 9 сағаттық жол және арманымдағы әлем!Сіз алғаш ұшаққа қашан отырдыңыз?Ұшақтан қорқасыз ба?😃
#кекілдімен_кореяға #корея #сеул#оңтүстіккорея

]]>
https://almatyjastary.kz/blogs/15132/feed/ 0