Психология – Almaty Jastary https://almatyjastary.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Tue, 17 Sep 2019 12:40:18 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.2.4 Көңілге алмауды үйрен https://almatyjastary.kz/blogs/16132/ https://almatyjastary.kz/blogs/16132/#respond Sat, 14 Sep 2019 12:38:21 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=16132

“Көңілге алмауды үйрен. Близко к сердцу не принимай”,- дейді бір досым. Үш сағаттай сөйлесіппіз. Айтқан кеңесі көп. Менің оған да… Арасында телефонмен сырласқан жақсы ғой. Бір қалада болсаңыз,кездесіп,жүзбе-жүз сөйлескен одан да жақсы… Қайда кетіп қалдым?))) Менің мінезім, көңілшектігім жайлы еді ғой. Иә, бір ауыз сөзге бола біраз күн көңілсіз жүруім мүмкін. Бір нәрсе көңілімде қатты қалса,жібуім қиын. Өкпелеймін сосын. Адам өзінің жақын көрген адамына өкпелейді ғой негізі. Достарым да кейде “сен сияқты ешкім жоқ шығар”,- дейді… Көп жерде өзім ренжіп,өзім өкпелеп,өзім кешіремін. Бірақ, ұмытуым қиын. Санамда тұрады бәрі. Естеріне салып тұрамын. Яғни, кек сақтағышпын десем де болады. Бірақ,кекшіл емеспін ғой. Кекшіл болсам, жоспар құрып,кек алып жүрер ме едім?. Ол менің қолымнан келмейді… Сондықтан,қорықпаңыздар)))) Ашуым тез. Басылуым да тез сәйкесінше. Сабыр сақтауды үйреніп келемін. Дегенмен, қатты ашулансам бомбамын)))) Айтпақшы,кейде достарыма ренжіп қалсам, жоғалып кетемін. Хабарсыз. Ештеңе айтпастан. Өздері шешеді сосын жұмбақты. Тағы не айтсам екен? Бұйрықты ұнатпаймын. Бір-ақ ауыз өтініш айтса,сол жетеді маған. Көп жерде орындаймын және. (Біреулер сияқты маған пайда келе ме, бұл адам маған керек болар деген ойлар кіріп-шықпайды). Сол қасиетіме үйреніп алғандар жетерлік. Тек керек кезде хабарласатындар да болады. 03 сезінемін кейде))) “Алдымен хал сұрап үйреніңіздер” дегім келеді. Әйтпесе, мен де “жұлдыз” болуды үйреніп алармын…)))) Солай. Сенің адал,аңғалдығыңды ақымақтық деп ұғатындар бар шығар. Дегенмен,оған бола осал деп ойламаңыздар. “Керек кезде ғана іздейсің ғой” дегенмін бір құрбыма. Себепсіз хал сұрады алдында. Бағалауды үйретіп қоямын арасында))))). Бірақ, дос,жақындарымның бәрі ондай емес,әрине. Мен дегенде жаны қалмайтын жақсыларым бар. Сендер,аман болыңдар,жақсы адамдар! Жұма мүбарак!

]]>
https://almatyjastary.kz/blogs/16132/feed/ 0
Тест. Алғаш көргеніңіз – сіздің уайымыңыз https://almatyjastary.kz/interesting/psychology/14941/ https://almatyjastary.kz/interesting/psychology/14941/#respond Wed, 14 Aug 2019 10:23:19 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=14941

Адамның сырт келбеті кез келген уақытта ішкі күйін жетік көрсете бермейді. Әркімнің өз уайымы, бас ауыртқан мәселесі бар. Сіздің де санаңыз алысқан нәрсе болса, төмендегі сурет арқылы анықтап көрейік. Бұл суреттен бірінші нені байқадыңыз? Мына тізімнен тауып, сараптамасын оқып шығыңыз және кеңесті ескеріңіз.

Пантера

Ең бірінші пантераны байқасаңыз, сіздегі күйзеліс қарым-қатынастан туып отыр деген сөз. Сүйіктіңізбен араңыз алыстап бара жатқанын сезіп жүрсіз. Бәрін қалпына келтіру үшін ең алғашқы кездесуді, сүйіктіңіздің риясыз күлкісін, сізге деген ықыласын білдірген кезін еске түсіріңіз. Бастысы – жылы сөз бен жылы шырай.

Арыстан

Қарапайым дүниені жасау  (үй жинау, киім үтіктеу, көлік айдау, т.с.с) аяқ астынан күрделі боп кетсе, бір апта еңбек демалысын алған дұрыс. Бірақ бұл демалысты өзіңізге арнауыңыз керек. Эгоңызды осы суреттен іздеп отырғаныңыз, арыстанды таңдағаныңыз осыған дәлел болып отыр. Стиліңізді, шаш қою әдісіңізді, қажет болса (бар болса) көлігіңізді ауыстырсаңыз да ұтылмайсыз.

Зебра

Отбасыңыз – сіз үшін алдыңғы шепте және олар үшін жаныңызды бересіз. Тіпті, әрқайсысын ойлап, ұзақ уақыт көз ілмейсіз. Уайым жемеңіз. Оларға бағыт-бағдар беріп, сыртынан бақылап жүрсеңіз, олар да өз бетімен өмір сүруді үйренетін болады. Бәрінің басын қосып, болашаққа құрған мақсат-жоспарын біліп отырыңыз, осы әлдеқайда пайдалырақ.

Керік

Керік байқасаңыз, жұмыс пен қаржылық жағдайыңызды қатты алаңдап жүргеніңізді білдіреді. Бәсекелестік кез келген жерде болады. Қаржылық қысым да ешкімге оңай соқпасы анық. Технология дамыған кезде сізде заман талабынан қалмай, өзіңізді кәсіби тұрғыда дамытыңыз. Тегін курстарға барып, онлайн шеберлік сыныптарды қараңыз.

Көгілдір құс

Алдымен көгілдір құсқа көзіңіз түссе, өзіңізді жапанда жалғыз қалғандай сезініп жүрсіз дегенді білдіреді. Бұл қазіргі таңда орынды мәселе. Адамдар қолдарындағы құрылғымен тіл табысып, көңіл күйін «сары бауырсақтармен» білдіріп жатса, сіздің кінәңіз емес. Олармен сөйлесе алмай жатсаңыз, бетпе-бет кездесуге шақырыңыз. Альтернативті нұсқалар ұсынып, көп уақытты шынайы өмірге арнауын «өтініңіз».

Ала құс

Бұл құстарды байқасаңыз, сіз де жалғыздықтан құса боп жүрген адамсыз. Бірақ сіз ойыңызды, сезіміңізді айта алмай жүрген «жалғызсыз». Ешкімге сырыңызды бөліскіңіз келмейді. Неге? Қорықпаңыз. Отбасыңыз, достарыңыз сізді тыңдай алады әрі сізге кеңес береді, қиналғанда жаныңыздан табылады. Міне, осындай сараптама. Сіз алдымен нені байқап едіңіз? Шынымен сәйкес келді ме? Онымен қалай күреспексіз? Ойыңызды жаза отырыңыз.

Дереккөз: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/58203/

]]>
https://almatyjastary.kz/interesting/psychology/14941/feed/ 0