«JASTAR INNOVATION» байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

Жобаны ұйымдастырушы:

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы, «Жастарға қолдау көрсету» Қоғамдық Қоры.

 

Жобаның мақсаты:

  • Жастардың жаңашыл бастамаларына қолдау көрсету.
  • Жастарды кәсіпкерлікке баулу, білімін, біліктілігін арттыру.
  • Жаңашыл идеялар, жобалар арқылы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық т.б. мәселелерді шешуге ықпал ету.

 

Жобаның кезеңдері:

Жоба үш кезеңнен тұрады.

 

1-кезең: ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Өтінімдер 2019 жылдың 24 қазаны мен 3 қараша күні аралығында  www.almatyjastary.kz сайты (бұдан әрі – Сайт) арқылы қабылданады. Байқауға 18-29 жас аралығындағы ҚР-ның азаматтары қатыса алады. Қатысушылар өз жобалары жайлы қысқаша 2 минуттық видеоролик түсіріп жіберулері шарт. Жобалар әлеуметтік-инновациялық бағытта (кез келген саладағы) болуы керек.

Өтінім беру үшін келесі қадамдарды жасау арқылы жүзеге асады.

  1. www.almatyjastary.kz сайтына кіресіз
  2. «JASTAR INNOVATION» бөліміне өтесіз
  3. Аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, электронды поштаңызды жазасыз
  4. «Видео» бөліміне өзіңіздің жобаңыз жайлы видеоролигіңізді енгізесіз.
  5. «Өтінім беру» пернесін басасыз. Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда қабылданғаны жайлы ақпарат шығады.

Видеороликке қойылатын талаптар:

  1. Видеода 4 негізгі мәлімет қамтылуы қажет. (Жобаның атауы, мақсаты, қоғамға әсері, жаңашылдығы т.б.)
  2. Видеоны еркін форматта түсіруге болады (қазақ немесе орыс тілінде қабылданады).
  3. Видеоның сапасы жоғары және уақыты 2 минуттан аспауы шарт.

 

2-кезең: ОҚЫТУ САБАҚТАРЫНА ҚАТЫСУ

Жоба жетекшілеріне тегін шеберлік-сыныптарға, кездесулерге қатысуға жолдама беріледі. Оқыту сабақтары қараша айында өтеді. Оқыту сабақтарын елімізге танымал бизнес-тренерлер, табысты кәсіпкерлер өткізеді.

 

3-кезең: «ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА» КӨРМЕСІ

Іріктелген жобалардан көрме ұйымдастырылады. Көрмеге инвесторлар, табысты кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтар қатысады. Көрмеде іріктелген жобалардың таныстырылымы өтеді. Қазылар алқасының таңдауымен үздік жобалар марапатталады. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан өзге де бағалы сыйлықтар мен гранттар беріледі.

 

Ескерту: Байқаудың 2-і және 3-кезеңдері Алматы қаласында өтеді.

 

БАЙЛАНЫС:

Телефон: +7 778 778 3 778

E-mail:  [email protected]