Қанатты сөздер

Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді

"
"

Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман

"
"

Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, әрбір президенттің, барлығымыздың да жауапкершілігіміз. Біздің қазақтың тарихы – бірігудің тарихы. Оны әрдайым есте сақтау керек. Патриот болу дегеніміз өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екендігіңді мақтан ете білу, жеріңді, отаныңды сүйе білу, еліңнің, жұртыңның жарқын болашағын жасауға бар күшіңді, үлесіңді қосу.

"
"

Бабаларымыз тасқа басқан өсиеттерін іске асырып, мәңгілік ел болуға бет бұрдық. 2050 жылға дейінгі бағдарламаның мақсаты – 30 өркендеген елдің қатарына қосылу, «Нұрлы жол» бағдарламасы, басқа да шаруаларды сондай мемлекет құру үшін қолға алып жатырмыз. Ұлттық идеяны іске асыруға белсене атсалысатын жас ұрпақтың алғашқы легі – сіздер боласыздар.

"
"

Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырдық. Татулықты – тұрақтылықтың және тұрақтылықты – дамудың тұғыры еттік.  Біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлік. Бірлігімізді  тұмардай сақтай білсек еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Ол үшін әрқайсың өздеріңе жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білулерің керек.

"
"