Қанатты сөздер – Almaty Jastary https://almatyjastary.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Mon, 02 Sep 2019 13:52:05 +0000 kk-KZ hourly 1 https://wordpress.org/?v=5.2.4 Болмысқа терең үңіл https://almatyjastary.kz/motivators/15800/ https://almatyjastary.kz/motivators/15800/#respond Mon, 02 Sep 2019 13:51:30 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15800

 

1. Су алақанның қуысына тоқтайды. Алақанды жұмсаң төгіліп қалады. Бақ пен ырыстың тұрағы ашық алақан…

2. Жұдырығы жұмулы адам ештеме ұстай алмайды. Бір нәрсеге ие болғың келсе алақаның ашық болсын!

3. Жол беру, кешірімшіл болу әлсіздік емес. Жол беру – кеңдіктің, мейірімділіктің, мықтылықтың белгісі.

4. Төрге лайық адам ғана төрін ұсынады… Құмырсқаның илеуінде құмырсқаға ғана орын бар.

5. Ауыл сыртындағы шеңгелге ілініп қалған “салафан, пакеттер” желмен дүрілдегенде өзідерін тумын деп ойлайды.

6. Ауыр қарулар ұсақ бұзақылыққа қарсы қолданылмайды. Ауыр салмақты адамдар-ауыр қаруларға ұқсайды. Ауыр салмақты адамдар дабыл қақса, халық дұрыстап ойлану керек.

7. Әркімнің қолында жүретін “шыбынұрғыштар”, өздерін, Отан қорғайтын қарулармен дәрежелес, тіпті артық көреді.

8. Болмысқа терең үңіл. Адамды былай қойғанда, жәндіктермен, жан-жануарлардың кейбір түрлері жасырыну үшін, жасаған ортасына қарай түр-түсін өзгерту қабылиетіне ие… Құм-шағылды жерден орманға келген қара-шұбар жылан қабығын тастап, сыртқы бейнесін жасыл түске өзгерткенімен жылан күйінде қалады…

9.Болмысқа терең үңіл. Жаулық пиғылдың ашық және жасырын түрі болады. Жауыңа жаулық танытқанның кейбіреуі саған дос емес. Бұлтәсілді кейде қарсыластар сенімге кіріп, жаулық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдаланады…

10. Біреуді қорғап пікір білдіргенде, сіз сол адамның жақыны болып саналасыз. Ал сіз қорғап отырған адам сіз айтқандай инабатты, ізгі, мейірман, әділ адам болса, сіз өзіңізді сол адамның дәрежесіне лайық ұстап, сыпайы пікір білдіріңіз. Сіз ол адамды хан көрсеңіз, онымен сұхббаттас екеніңізді білдіргенде үстіңізден әтірдің, гүлдің, хан сарайының иісі, сөзіңізден парасаттың лебі есіп тұрсын. Сөйлегенде сөзіңізден тәрбиесіздіктің иісі мүңкіп тұрса, қорғап отырған адамыңыздың сіз айтқандай жоғары дәрежелі адам емес екенінен дерек береді.

 

Мұратхан ШОҚАН

]]>
https://almatyjastary.kz/motivators/15800/feed/ 0
https://almatyjastary.kz/motivators/15740/ https://almatyjastary.kz/motivators/15740/#respond Mon, 02 Sep 2019 08:05:49 +0000 https://almatyjastary.kz/?p=15740

1. Өзгенің қателігін жазғырған — оңай, өз қателігіңді мойындау — қиын.
2. Өзгені сынаған — оңай, өзіңді жақсарту — қиын.
3. Өзгені ренжіткен — оңай, кешірім сұрау — қиын.
4. Ойланбай сөйлеген — оңай, тіліңді тартып қалу — қиын.
5. Әр түні армандаған — оңай, сол арманды жүзеге асыру — қиын.
6. Жеңісті көрсеткен — оңай, жеңілгеніңді абыроймен көтеру — қиын.
7. Сүрініп құлаған — оңай, тұру — қиын.
8. Өмір сүрген — оңай, шынайы мәнін білу — қиын.
9. Қателескен — оңай, қателескеніңді білу — қиын.
10. «Жақсырақ болам» деп ойлаған — оңай, оны іске асыру — қиын.
11. Өзгелерді жамандаған — оңай, оларды ақтап алу — қиын.
12. Үйлену — оңай, үй болу — қиын.

]]>
https://almatyjastary.kz/motivators/15740/feed/ 0