⛔Желі мүлде ұстамаған кезде телефонды қалай пайдаға асыруға болады?

 Мен табиғатты және 💚жасыл💙көк түстерді жақсы көремін, сол себепті суреттерімнің көбі табиғат аясында. Алайда кейбір ауылды жерлерде желі ұстамай қалады. Сондықтан мен көбіне интернетсіз жұмыс жасайтын қосымшаларды қолданамын. Бүгін сіздермен бөліспекшімін. 1.WordBit (Ағылшын тілі сіздің экраныңызда.) ✅Артықшылығы: Бұл бағдарлама өзге тілді үйренуге, деңгейіңізді көтеруге пайдалы. 1Телефонның экрнанын ашсаңыз, ағылшын тілін үйренуге арналған жаттығулар тұрады. 2. Суреттер арқылы үйренуге болады 3.Сөздің мағынасын ашып, түсіндіреді Енді ойланыңыз сіз күніне телефоныңызды неше рет ұстайсыз? 2. FBReader Бұл Кітап сатып алуға қаражаты жоқ, алайда кітапсүйер қауымға арналады ✅Интернет бар кезде бірнеше кітапты көшіріп қойып, армансыз ауылда жатып кітап оқыңыз🤩 ⛔Ескерту: көзіңізді абайлаңыз. 3.Хронометраж Free Уақытын есепке алғысы келетін, алайда қағазға жазуға ерінетіндерге арналады ✅Жай ғана әр істі бастамас бұрын, бағдарламаға кіріп, не істеп жатқаныңызды жазасыз. Ол сіздің сол іске қанша уақыт жоғалтқаныңызды шығарып береді. 4.Scanbot Сабақ кезінде тек оқу залында оқуға рұқсат етілген кітаптар болады. Ал, кеш батып, сіз лекцияңызды жазып үлгермесеңіз сізге осы қосымша көмекке келеді. ✅Сканерленген мәтінді PDF форматына ауыстырып алуға мүмкіндігіңіз бар. 5.AppBlock Кейде телефоннан(интернеттен) мәтін көшіру кезінде әлеуметтік желілер біздің ойымызды бөліп жібереді. Міне сондай кезде қолданылатын пайдалы бағдарлама ✅Бұл қосымша уақытша хабарламалардың келмеуін қамтамасыз етеді. Келесіде пайдалы аккаунттар мен сайттар туралы жазбақшымын. Сақтап алыңыздар…  #oqyrman_qyzdan_PK