КӨЗІ МИНУС жандарға


СЫҒЫР КӨЗ күлім көз, бота көз.
Бастысы соқыр көз емес.
Көздің көру қабілетін жақсарту үшін үй жағдайында қандай шаралар қолдануымыз қажет?

Бүгінгі әлем медицинасындағы басты мәселенің бірі көз аурулары болып отыр. Статистикаға сүйенсек, әлемдегі 234млн адам көз ауруына шалдыққан, ал34 млн-ға жуығы  жанарынан мүлде айырылған. Ал, біздің елімізде көз ауруы 5-ші орында тұр. Оның ішінде мектеп оқушыларының 40%-ы миопияға, яғни алыстан көрмейтін ауруға шалдыққан.

Ал, көздің көру қабілетін жақсарту үшін не істеуіміз керек? Қандай тағам түрлерін пайданалуымыз керек?

1️⃣міндетті түрде дәрігерге көрініп, 6айда бір тексерілуден өтіп тұрғаныңыз абзал.

2️⃣көзге арналған арнайы жаттығуларды уақытылы жасап тұру көздің көруін жақсартады. Мұндай жаттығуларды жасау бар болғаны 3минут 25секунд уақытты алады. Кейде 3 минуттан да артық уақытымыз пайдасыз телефон, теледидар қараумен-ақ өтеді емес пе?

3️⃣көздің көруіне пайдалы тағамдарды тұтыну ✅Көз А, С, Е витаминдерін қажет етеді.
Себебі А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оған сәуле түсуден қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі.
Бұл витаминдер қандай тағам түрлерінде бар? Қандай тағам түрлерін тұтынғанымыз абзал? ✅• Балық және теңіз өнімдері, скумбрия, майшабақ, қызыл балық.
Балықтың құрамында көз торы мен көз алмасының шырышты қабығын қорғайтын omega3 шала қаныққан май қышқылдары мол. ✅• Е дәрумен мол жаңғақ түрлері, яғни бадам, пісте, орман жаңғағы, грек жаңғағы, жер жаңғағы, миндаль көз торын ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайтын антиоксиданттың қайнар көзі. ✅• Құрамында лютеин мен зеаксантин каротиноидтары бар қызыл, қызғылт сары, сары түсті тағам түрлері: асқабақ, сәбіз, қауын, қызыл жүзім, цитрус жемістері мен өрік, кептірілген өрік, қара жиде құрамында көз тамырларына жақсы әсер ететін кальций мол болып табылады. ✅• Цитрусті жемістерде дәрумендердің барлық түрі кездеседі.
. ✅• Офтальмологтардың айтуынша жасыл түске қарау көзді тынышталдырады дейді. Ал дене жаттығулары, жүгіру, жүзу сынды спорт түрлері көздің бұлшық еттерінің жұмыс жасау қабілетін жақсартады.
Көз бізге берілген аманат
Жанарымызды сақтайық