Қыз бала қандай орамал алу керек?

Қап-қара орамал алдым🙄
Историяда да жыр болды ғой.
Мен бүгін жаңа орамал алдым. Оны сатып алып мәзбін. Сосын нешетүрлі қылып😅 Орауды да үйреніп алдым Ютуб, Инста аман болсын. .
.
Басында деген түйрегішім өзіме кіріп, біресе шашым, біресе мойным ашылып қала беруші еді. Одан қалса қолыма түйреп алып бірнеше рет😅. Жол бойы орамалмен алысып жүретінмін. Ағам көріп “Өмір бойы орамалмен алысып өтетін сияқтысың ғой” деп еді. .
.
Шұғыланың тойға жиналуы тез, боянбайд, прическа демит, бірақ🙄 бір жаққа шықсам Орамалды тағуым😅 макияж бен прическаның уақытын алатын еді. Үйдегілер мені сыртта орамалымды әдемі қылып тағып шыққанша күтіп тұрады. Ақыр аяғы ең бірінші қалай орадым солай орап шығам. Сосын жол бойы сол орамалмен алысып отырам. .
.
Ана БОНЕ деген бәлені керіп-керіп нан илеп, тамақ істесем де киіп алам. Менің БОНЕларым мені жек көретін шығар😅 Өйткені созып созып тастағам. Аппақ бонены қап қара жерге де тигізіп тастадым. Адам жолға шығып бара жатқанда ойлану керек қой. Мынау ақ обал ғой деп. Жооқ керісінше жолға аппағын😅 тағып алам ғой. Өйткені миға әбден ҚАРА КИСЕҢ ТЕРРОРИСТсің деп ойлап қалады деген нәрсені құйып тастаған.
.
.
Сол в общем, бүгін қорқынышымды жеңіп қап-қара🙄орамал алдым. Ал қайтесіңдер. Жұрт не ойласа, соны ойласын. Просто қара түсті😅 бәрімен таға беруге боладта ше, сосын кір көтереді. Қара орамал таққан қыздар көрсеңіздер шошып қарамаңыздаршы. . . “Менен шоу күтіңіздер😅Нешетүрлі қылып орап жүрем енді” деп отқанда ораудың орап жүргенімнен басқа бір-ақ түрін үйренген ди ма.
#oqyrman_qyz_qyzygy