Кітап оқымауыңызға не себеп?

 

Сақтап алыңыз.
Оқырман қыздан воздушный поцелуй дээ қалжын ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС
Алдыңғы постта “Кітап оқымауыңызға не себеп?’ деп бекер сұрамадым
.
⛔Маған жазатын оқырмандар көбіне кітапқа деген “қызығушылықты қалай арттырсам болады? Ұйықтап кете берем, қызықсыз болып кетеді т.с.с Одан кейін оқитын кітапты таңдау қиын дейді ОҚЫРМАН ҚЫЗ ретінде жауап берейін
.
.
✅ЖАНР
Алдымен қандай жанрдағы кітап оқығыңыз келетінін анықтаңыз. Әр адам әр түрлі, әркімнің талғамы да, әртүрлі.

Мысалы мен детектив жанрдағы шығармаларды көп оқи бермеймін. Біреу соғыс кезеңінде жазылған шығармаларды оқи алмайды
. .
✅Күнде тісіңізді неше рет жуасыз?
Әрине екі рет. Сол сияқты кітап оқуды күнделікті бір әдетке айналдырыңыз. Сағаттап кітап оқыңыз демеймін.
Таңертең 20-30 минут, кешке 20-30 минут оқысаңыз бір күнде 80-100 бет оқуға болады.
.
.
✅АВИАРЕЖИМ
Телефонды 30 минутқа авиарежимге қоя тұрыңыз. Телефоныңызды көтермесеңіз проблема сізсіз де шешіледі. Біз өзіміз менсіз шешілмейді деген нәрсе миға тоқып алғанбыз. Ал, проблеманы шешу үшін кітап оқу керек екенін білгейсіз. . .
✅ҚЫЗЫҚСЫЗ КІТАП
Кітаптың алғашқы 10 беті қызықсыз болса, сізге оны оқыған ұнамаса, тастаңыз. Басқасына көшіңіз. Бұл кеңесім бастағанын аяғына жеткізетін жандарға ұнамауы мүмкін. Онда бастасаңыз аяқтаңыз .
😅 .
.
✅ЫҢҒАЙЛЫ АТМОСФЕРА
Мен мысалы терезенің алдында оқығанды ұнатам. Біреу қағаз, қалам шашылып жатқан жерде немесе кафе, паркте оқығанды ұнатады. Жаныңыз қалаған жерде оқуға тырысыңыз
. .
✅ӘДЕМІ БЛОКНОТ
Оқығаныңыздан алған біліміңізді немесе цитатаны блокнотқа жазыңыз. Бұл не Оқығаныңызды есте сақтауға көмектеседі Блокнотыңыз да өзіңізге бір ерекше сезім сыйлайтын креативный әдемі😍🔥 болсын. Біреу классикалық дизайнды ұнатады. Енді ол өз жан қалауаңыз
. .
✅УӘДЕ БЕРУ
Өзіңізге ұнамайтын нәрсені жасауға уәде беру. Мысалы анаңызға досыңызға Мен мына кітапты оқымасам, күнде ыдыс жуам деңіз, Мысалы мен сөйтетінмін. Себебі ыдыс жуғанды жек көретін едім. Немесе қой сойғанда 😂ішек қарын тазалайм деген сияқты, күнде 5 км жүгірем деңіз. Орындай алмасаңыз Ақша беріңіз. .
.
✅ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
меніңқызғушылығымды @barkornмырзаның “КҮМІС КІТАБЫ” ашқан болатын. Соны оқыңыз. Ол кітапты іздесеңіз Менен сатып алыңыз.😅