«Жаңа Алматы» бағдарламасы: Мегаполисте не өзгереді

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов «Жаңа Алматы» қаласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді жоспары туралы айтты.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың айтуынша, бағдарлама алдағы бірнеше жылға әзірленді. Бағдарламаға сәйкес, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларына – 285,4 млрд теңге, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлардың алдын алуға 12,4 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Инженерлік, көліктік инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарына – 440,7 млрд теңге, сондай-ақ бизнес орта мен кәсіпкерлікті дамытуға 69,4 млрд теңге жеке инвестиция бағытталмақ.

Әкімдіктің хабарлауынша, жоспарды іске асырудың нәтижелері инженерлік инфрақұрылымға әсер етеді. Яғни, 105 мың адам сапалы коммуналдық қызметке қол жеткізеді; халықтың қол жетімділігі:

орталықтандырылған суға – 98,7%, кәріз жүйесіне 85,7% құрайды;

1179 көше мен 873 аула жарықтандырылады;

3750 үй газдандырылып, қала тұрғындарының 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Көлік инфрақұрылымында: жолдардың сапасын 80-85% дейін артпақ.

Денсаулық сақтау саласында: нормативтік деңгей 7 ауданның 1,6 млн тұрғынына шаққанда 36,8 төсек-орнына дейін артады;

4 аудандағы 1 миллион тұрғынға медициналық қызметтерге қолжетімділік кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі;

4 ауданда нысандардың тозуы 25% төмендейді.

Қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алуда:

58 мың адам тұратын территорияны және Алатау ауданының Индустриалды аймағын қамту;

техникалық жабдықтарды 48% дейін жақсарту;

қылмыстық жағдайдың және аса ауыр емес қылмыстар санын 22,7%, орташа ауыр 17,5%, аса ауыр қылмыстарды 26,5% төмендету жоспарланған.

Бизнес орта мен кәсіпкерлікті дамытуда:

қаланың 7 ауданында жұмыс орындарын құру:

2020 жылы – 25 748 жұмыс орнын; 2021 жылы – 27,686 жұмыс орнын;

2022 жылы 29 624 жұмыс орнын ашу көзделген.

Жоспарлы білім беру және спорт саласында іске асыру кезінде: мектептердегі орын тапшылығын – 19 422-ге, балабақшаларда 2500 орынға төмендету; бір ауысымда дене шынықтыру-сауықтыру орталығы 14 мың келушіні қабылдай алуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бұған дейін, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматы» бағдарламасын дамытуға бірнеше жыл ішінде 800 миллиард теңге қажеттігін айтқан болатын.

Дереккөз: www.inform.kz