Роботтар адамдарды жұмыссыз қалдыруда

Оңтүстік Кореяда көптеген қызмет түрін құлтемір атқара бастады.

 

Осы ретте білім министрлігі заманға сай маман иелерін даярлауға ерекше көңіл бөліп отыр. Оқу жүйесін жаңартып, жаңа құралдармен жабдықтау – басты мәселе. Озық үлгілер арнайы ұйымдастырылған көрмеге шығарылды.

Жасанды интеллект адамның қолынан келетін қай істі де дөңгелетіп алып кететінін көрсетті. Тіпті биші роботтар үйлесімдік пен шыдамдылық жағынан асып та түсті.

Қазір дәстүрлі оқулықтардың дәуірі өткен. Оқушылар материалды тәжірибе арқылы жақсы меңгереді. Мұны өрт сөндіру қызметі де жақсы түсінеді. Сөйтіп, 2007 жылдан бастап мектептерге арнайы автобустар келе бастады. Мұнда балалар жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін ұғынады. Тек сөз жүзінде ғана емес, шынайы оқиғаға жақын көріністердің куәсі болады. Ол үшін жасанды түтін де қолданылады. Мұндай автобустарда он тоғыз мың оқушы тәжірибе алған. Енді бұл балалар дефибриллятордың көмегімен адамды құтқара алады.

Бұл құрылғылар барлық қоғамдық орындарда бар. Кореялық кейінгі буын өкілдері оқу орнындағы жылыжайларда көкөніс пен жеміс-жидек өсіреді. Мұны гидропониканың көмегімен жүзеге асырады.

Ким Ги Бэк, университет өкілі:

– Әзірге жастар ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмейді. Бірақ шамамен бес жылдан кейін жас фермерлердің саны артады деп ойлаймын. Университетімізде шамамен бес жүздей студент бар. Ақылды фермалардан басқа, олар зоология, мал шаруашылығы, ландшафттану мен бақша егуді зерттейді. Сеул университеттерінің бірінде пианино тартуға көмектесетін құрал-жабдықтар да бар.

Жаңа бастап жүрген оқушылар үшін арнайы бағдарлама жасалған. Ол қай пернені қандай саусақпен басу керектігін көрсетеді. Артқы жағында екі компьютер қосылған. Егер сіз музыкалық файлды жүктесеңіз, талдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Блоктар қалаған пернелерге түседі.

Жылдамдықты орнатуға болады. Сондай-ақ автоматты ойнату режимі бар. Соның арқасында сіз ритмге сәйкес пернеге басасыз. Оң жақта ұпай кестесі бар. Елдегі осы және өзге де ноу-хаулар болашақ мамандарға бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Дегенмен жасанды музыканттан гөрі тірі адамның эмоцияларын тыңдау, көру әлдеқайда жағымды, дейді мамандар. Өйткені робот косметолог пайда болса, оған сұраныс аз болмақ. Себебі машина клиентпен әңгімелесе алмайды.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Дереккөз: https://24.kz