Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына енді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титулды жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ТОП-15 рейтингіне кірді, деп хабарлады Vesti.kz.

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездесті. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.

Жәнібек WBC ұйымының ТОП-15 рейтингінде 15-ші орынға көтерілді.  Осылайша Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуінде нокаутпен жеңді. Ал Онолуносе 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілген.

Дереккөз: https://24.kz