Шымкенттік жастарға жалға берілетін баспанаға өтінімдер қабылданады

Шымкент қаласының әкімдігі 2019 жылғы 25-29 қараша аралығында сағат 9:00 мен 19:00 аралығында Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдайды.

Егер де сіз: жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған болсаңыз;

Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрсаңыз;

Соңғы 2 жылда тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмесе;

Ай сайынғы табысыңыз 40 АЕК (101 000 теңге) кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шотыңыз бар болса, бағдарламаға қатыса аласыз.

Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге жалға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі құжаттарды:

1) Нысан бойынша өтініш;

2) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

3) Білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);

6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) жұмыс орнынан анықтама;

8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар:

Мына құжаттардың кез келгені: еңбек кітапшасы; тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);

аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттарды (бар болса) ұсынуыңыз қажет.

Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а ғимараттың І-қабатында қабылданады, деп хабарлайды otyrar.kz. Байланыс телефондары: 24-74-85 Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығынан танысуға болады.

Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады.

Елордада жастарға арналған баспанаға өтініштер қабылданғанын хабарлағанбыз.

Жастар жылы аясында 3 мың жас баспаналы болады. Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет.

Мемлекеттік тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болатынын мына жерден көруге болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар жеңілдікпен қалай пәтер ала алады. Жастарға арналған баспаналар кілті қашан беріледі.

Дереккөз: https://24.kz