Венгрия жоғары оқу орындары қазақстандық студенттерге 250 грант бөледі

Венгрия Үкіметі қазақстандықтарға жоғары оқу орындарында білім үшін 250 тегін грант ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігі хабарлады.

Венгриялық «Темпус» қоғамдық қоры 2020-2021 оқу жылына арналған Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында оқуға өтінімдер конкурсына қатысу шарттарын жариялады.

Өтінім беру шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты www.stipendiumhungaricum.hu. ресми сайтынан табуға болады. Өтінім беру процесінің кестесіне сәйкес, Stipendium Hungaricum бағдарламасына қатысуға өтінім беру 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады.

Үміткерлер екі ай уақыт ішінде қажет құжаттарды электронды түрде тапсыруы тиіс.

Толығырақ: https://24.kz