“Медеу” халықаралық ірі турнирді қабылдауы мүмкін

“Медеу” мұз айдыны конькимен сырғанау бойынша 2021/2022 маусымдағы Бүкіләлемдік кубоктің финалдық кезеңін өткізу құқығын иемденуге таласып көрмек. Бұл туралы Қазақстан ұлттық конькимен сырғанау федерациясының өкілі Кирилл Пяртел Championat.com  сайтына берген сұхбатында айтты.

Турнир әйгілі мұз орталығының 50 жылдығына арналған үлкен бағдарламаның аясында өткізілуі мүмкін.

Бүгінде Медеу – бұл республикадағы жалғыз өзін-өзі қамтамасыз ететін спорт нысаны. Бес жыл бойы стадион жеке компанияның бақылауында болды және қазір Алматы қаласы әкімшілігінің бақылауына өтті.  2020 және 2021 жылдардың жаз айларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Жөндеу – Медеу 50 жылдық мерейтойына арналған үлкен бағдарламаның бөлігі. Содан кейін 2022 жылғы Бейжіңдегі Олимпиададан кейін өтетін конькимен сырғанаудан Әлем кубогінің финалдық кезеңін қабылдау үшін барымызды салып таласамыз. Іс-шараның қаншалықты үлкен және ауқымды екенін айтудың қажеті жоқ. Халықаралық конькимен сырғанау одағымен халықаралық федерацияның техникалық кеңесшілері кіретін консультативтік топ құру туралы келіссөздер басталды. Бұл топқа техникалық мамандардан басқа сәулетшілер, тарихшылар, спорт ардагерлері және қоғам белсенділері кіреді. Топтың міндеті қарапайым – күрделі жөндеу кезінде кеңес беру және практикалық көмек көрсету, – деді Кирилл Пяртел.

Ол сонымен қатар КХЛ матчтарын Медеуде өткізу мүмкіндігі туралы да айтты.

Хоккей туралы айтар болсақ, әлде КХЛ ойындарын өткіземіз бе, әлде Барлық жұлдыздар матчын қабылдаймыз ба, ол белгісіз. Бұл кейінірек шешіледі, – деді Кирилл Пяртел.

Дереккөз: BAQ.KZ