Жас кәсіпкерлер, стартаперлер, инноваторлар, белсенді жастарға шеберлік-сыныптар өткізді

Желтоқсан айының басында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Jastar Innovation» жобасы аясында жас кәсіпкерлер, стартаперлер, инноваторлар, белсенді жастарға шеберлік-сыныптар мен кездесулер өткізілді. Шараға 100-ден астам жастар қатысты. Оларға арнайы кәсіби кәсіпкерлер, бизнес тренерлер дәріс берді.

Алдағы 2019 жылдың 18-желтоқсан күні Алматы қаласында Smart Point коворкинг орталығында, сағат 16.00-де жобаның қорытынды кезеңі өтеді. Ол жерде жас инноваторлардың жобаларының таныстырылымы болады. Үздіктер анықталып, марапатталады.