Құрметті АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ және БАҚ ӨКІЛДЕРІ

Биылғы Жастар жылына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастарға қолдау көрсету» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 желтоқсан күні өтетін  «JASTAR INNOVATION-2019» инновациялық жобалардың көрмесіне шақырамыз. Көрме Smart Point коворкинг орталығында өтеді. Уақыты: 16.00-18.00.

Көрме барысында жастардың инновациялық жобаларының таныстырылымы болады. Үздіктер анықталып, марапаттау рәсімі өтеді. Көрмеге кәсіпкерлер, инвесторлар, қала тұрғындары, жастар, БАҚ өкілдері т.б. қатысады.

 

Өтетін күні: 18.12.2019 ж.

Уақыты: 16.00-18.00

Өтетін орны: Smart Point коворкинг орталығы, Амфитеатр залы. (Алматы қ, Байзаков көшесі, 280)

E-mail: kazzhastar@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 778 778 3 778, 8 775 919 80 99.