Мемлекеттік қызмет мектебіндегі жиырма бесінші дәріс

«Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын жүзеге асыруда.

Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылуы мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің қатарына сауатты, жауапты, ұйымдастыру және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту және кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің аппаратын қалыптастыру.

Мемлекеттік қызмет мектебінің жиырма бесінші сабағы 2019 жыл, қараша айының 10-ы күні өтті. Сағат 10:00-11:00-де жастар «Құқықтық сауаттылық» сабағынан дәріс тыңдады.

Арықарай сағат 11:30-12:30 аралығында жобаға қатысушылар Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнур Кисиковпен кездесті.

Ал сағат 12:30-13:30-да жастар «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Күнтубай Айдармен жүздессе, сағат 13:30–14:30-да БҰҰ Балалар қорының директоры Руслан Малютамен кездесті.

Сонымен қатар, жастар сағат 14:30 – 15:30-да Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталағының жетекшісі Тажибекова Жұмагүлмен жүздесіп, қажетті ақпаратпен қамтылды.