Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында 4 медаль алды

ERNUR.KZ.  «Жылдамдық» бойынша жасөспірімдер арасында Сергей Бессмертных финалда жапондық спортшыны басып озып алтынды қанжығаға байлады.


Бангалор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия жастар чемпионаты өтіп, қазақстандық жас спортшылар 4 медаль олжалады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жылдамдық» бойынша «В» тобында Танзила Оспан алтынды олжаласа, осы санаттағы Елизавета Литус 7-ші орынға, Алина Пономарева – 15-ші орынға жайғасты. «А» тобында Аделия Өтешева күміс иеленсе, Зарина Ағылманова – 6-шы және Вероника Плаксина – 8-ші орын алды. Жасөспірімдер тобында қазақстандық спортшы Валерия Ланкова 5-ші орынды місе тұтты. «Жылдамдық» бойынша жасөспірімдер арасында Сергей Бессмертных финалда жапондық спортшыны басып озып алтынды қанжығаға байлады. «А» тобында қазақстандық спортшы Бекнұр Алтынбеков «күміске» қол жеткізсе, Вадим Ишмұхаметов 8-ші, Ғұсман Хайбуллин – 13-ші орын алды. «В» тобында Евгений Брякин мен Никита Глебов 9-шы және 14-ші орындарға жайғасты.