Алматылықтар қайырымдылық көрсетіп, көмек қолын созды

Қазақстандықтар, оның ішінде Алматының тұрғындары 27 желтоқсан күні Алматы облысында болған әуе апатында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға бірден атсалысты.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментініңқызметкерлері де қан қажет екенін естіп, қан тапсырудан шет қалмады. ​

“Қажетті қанды тапсыру ұжымдық түрде ұйымдастырылды. Қан тапсыру орталығы ТЖД ғимаратына жақын жерде орналасқан. Сондықтан бәрі жедел түрде өтті. Қала тұрғындарымен бірге ТЖД-ның 78 қызметкері қан тапсырды. Қан тапсыруды азаматтық қана емес, кәсіби борышы деп санады”, – деді кадр саясаты бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау майоры Айбек Әлімғожаев.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда таңғы сағат сегізден бастап Алматы қаласы ТЖД-да шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін “шұғыл желі” ашылды. Сол сәттен бастап 90 қоңырауға жауап берілді. Телефон нөмірлері ҚР ІІМ ТЖК және Алматы қаласы ТЖД сайттарында жарияланды.

“Жедел желінің” телефон нөмірлері:

Алматы қ. ТЖД 278-20-83, 278-20-84.