Алматыда әуе апатынан қаза тапқан және зардап шеккен отбасыларына қаражат жинау үшін шот ашылды

2019 жылғы 27 желтоқсанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету туралы көптеген өтініштерге байланысты «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры Алматы қаласында қаражат жинау туралы хабарлайды.

Қорға түскен қаражат Алматы қаласында тұратын қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына жіберілетін болады. Қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Қаражатты есепке алу үшін деректемелер:

Қордың атауы: «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры

Қордың БСН: 080740011034

Қор шоты: KZ826010131000165601

Банктің БСК: HSBKKZKX “Қазақстан Халық Банкі” АҚ

КБЕ 18 ТТК 119

 «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры Төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде азаматтарға жәрдемдесу және азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қор Алматы қаласындағы ТЖ салдарын жою үшін қаражат жинауды ұйымдастыруда, атап айтқанда, 2011 жылғы дауыл, 2012 жылы Медеу шатқалындағы өрт, 2015 жылы Наурызбай ауданындағы сел, сондай-ақ 2019 жылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған.