Алматының білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың өкімімен білім басқармасының жаңа басшысы болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды.

Л. Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы Алматыдағы №1 қазақ педагогикалық колледжде мұғалім болып бастаған. Түрлі жылдары мұғалім, колледж директорының орынбасары, Алматының білім басқармасында маман және бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

Бүгінгі тағайындауға дейін Алматынының білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.