#JasylAlmaty акциясы жалғасуда

Алатау ауданының «Саялы» ықшамауданында «Табиғат» экологиялық одағының ұйытқысымен қалалық Жасыл экономика басқармасы және Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен 80-ге жуық қарағай көшеті отырғызылды.

Іс-шараға 60-қа жуық қала тұрғыны қатысып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған #JasylAlmaty көгалдандыру акциясына өз үлестерін қосты.