Алматы қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарына шолу

Алматы қаласында орналасқан жоғарғы оқу орындарына шолу

Қазақстан бойынша жыл сайын мыңдаған абитуриенттер жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Республикамыздағы студенттердің көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында орналасқан оқу орындарын таңдайды. Мысалы, 2014 жылдың  деректеріне сүйенетін болсақ, Алматыда 200 000-нан астам жастар білім алуда. Осы уақытқа дейін студенттер саны көбеймесе, азаятын емес.

Қаламыздың көркем табиғаты, қызықты әрі әсерлі өмірі, сапалы білім беретін оқу орындарының көптігі – еліміздің түкпір түкпіріндегі түлектерді қызықтыратынын біле отырып, біз биыл білім ұясынан ұшқалы отырған түлектеріміз үшін қаладағы жоғарғы оқу орындарын бір шолып шықпақпыз.

Көпсалалы ЖОО:

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

2) Сулейман Демирель атындағы университет [СДУ]

3) Каспий университеті [КОУ]

4) Алматы технологиялық университеті [АТУ]

5) Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

6) Туран университеті

Техникалық салада білім беретін ЖОО:

7) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

8) Қазақ-Британ техникалық университеті

9) Халықаралық IT университеті

10) Алматы энергетика және байланыс университеті

11) Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы

12) Қазақстан инженерлік технологиялық университеті

Гуманитарлық салада білім беретін ЖОО:

13) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

14)  Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Экономика және менеджмент саласындағы оқу орындары:

15) КИМЭП университеті

16) AlmaU (Алматы менеджмент университеті)

17) Халықаралық бизнес университеті (UIB)

18) НАРХОЗ университеті

Ал егер сіз өнер жолын таңдасаңыз, Алматыда мынадай оқу орындары бар:

19) Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

20) Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы

21) Сымбат сән академиясы

Жалпы, оқу орнын таңдау – өте жауапты қадам, себебі бұл жерде жастар тұлға ретінде дамиды, өзінің өмірдегі орнын тауып жатады, өзінің бағыт-бағдары айқындалады. Бір адамдарға университеттің білім сапасы маңызды болса, енді біреулері университтің қоғамдық өмірдегі беделіне қарап жатады. Білім сапасын да әркім әрқалай түсінеді: біреу үшін материалдардың ауқымдығы мен қиындығы көрсеткіш болса, басқа студент оқытушылардың санатына мән береді. Сондықтан болар, білім ордаларының рейтингын жасап, зерттеу өте қиын әрі күрделі процесс.

Студенттік шақ -ең қызықты, ең әсерлі уақыттардың бірі. Сондықтан уақытыңызды құр өткізіп алмай, мүмкіндігіңіз болып жатса, әртүрлі іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстана білсеңіз — ересек өмірде қалыптасу жеңіл болады. Ал Алматыда жан-жақты дамуға бар жағдай жасалынған: әртүрлі жастар клубы, қалалық марафон, көптеген спорттық жарыстар, интелектуалды сайыстар да баршылық. Содан болар, біздің жастар өте пысық әрі белсенді келеді. Тіпті, кейбіреулер өзінің карьерасын университетте оқып жүріп-ақ бастап кетеді.

Дегенмен, қай жерде оқысаңыз да, қандай білім алсаңыз да, болашақ мықты маман, қадірлі азамат болуын өз қолыңызда! Биылғы түлектермен олардың ата-аналарына сәттілік!

 

Байланыстар:

ЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Жандосов көш., 59 Береговой көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Корвяков Валерий Анатольевич
жұм.тел: 309-58-15 (Софья)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Әл-Фараби даңғылы, 71
Байланыс:  Ректор: Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
жұм.тел: 377-33-20

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Абай даңғылы, 8, Д. Қонаев көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Есболов Тілектес Исабайұлы
жұм.тел: 264-24-09

Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Панфилов көш., 127, Бөгенбай батыр көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы
жұм.тел: 261-42-40,

С. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Төле би көш., 94, Сейфуллин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Ақанов Айқан Ақанұлы
жұм.тел: 338-7001 (ішкі 7001)

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Сәтбаев көш., 22, А. Байтұрсынов көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
жұм.тел: 257-70-01

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

Мекенжайы:  Абылай хан даңғылы, 86, Бөгенбай батыр көш. бұрышы (Киров)
Байланыс:  Ректор: Әубәкірова Жания Яхияқызы
жұм.тел: 261-76-40

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Достық даңғылы, 13, Төле би көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Пірәлиев Серік Жайлауұлы
жұм.тел: 291-63-39

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Әйтеке би көш., 99, Сейфуллин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы
жұм.тел: 233-18-36

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Мұратбаев көш., 200, Құрманғазы көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
жұм.тел: 292-23-63

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Төле би көш., 100, Байтұрсынов көш. бұрышы
Байланыс:  Президент: Құлажанов Талғат Құралбекұлы
жұм.тел: 292-00-16

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Байтұрсынов көш., 126, Ғабдуллин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Бәкенов Қайрат Асанғалиұлы
жұм.тел: 292-57-40

М. ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Шевченко көш., 97, Масанчи көш. бұрышы
Байланыс:  Президент – ректор: Қуанышев Бақытжан Мұхамбетұлы
жұм.тел: 292-09-86

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Жандосов көш., 55, Алтынсарин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Святов Серік Аманжолұлы
жұм.тел: 377-11-01

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Абай даңғылы, 83/85, Байтұрсынов көш. бұрышы
Байланыс:  Президент: Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы
жұм.тел: 292-07-56

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ (ҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ, ҚАЗБСҚА)

Мекенжайы:  Рысқұлбеков көш., 28, Мұстафин көш. бұрышы
Байланыс:  Президент-ректор: Сиқымбаев Серік Жолдасбекұлы
жұм.тел: 309-61-47

ҚАЗАҚ-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Ул. Толе би 59, угол ул. Абылай хана
Байланыс:  Ректор: Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
жұм.тел: 272-64-37

ҚАЗАҚ МЕНЕДЖМЕНТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БОЛЖАУ ИНСТИТУТЫ (ҚМЭБИ)

Мекенжайы:  Абай даңғылы, 4 Достық көш. бұрышы
Байланыс:  Президент: Чан Йан Бэнг
жұм.тел: 270-42-00(ішкі 2325)

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Сәтбаев көш., 16/18, Желтоқсан көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Алшанов Рахман Алшанұлы
жұм.тел: 260-70-00

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Қазыбек би көш., 168, Исаев көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Сабри Хизметли
жұм.тел: 379-78-94(ішкі 140)

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Құрмағазы көш., 107, Байтұрсынов көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Қопабаев Өмірәлі Қажыбайұлы
жұм.тел: 292-60-34

«ҚАЙНАР» УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Сәтбаев көш., 7 А, Сейфуллин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Омаров Еренғайып Сәліпұлы
жұм.тел: 255-83-66

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Абай даңғылы, 8 А, Фурманов көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Наренова Меруерт Нұрмағанбетқызы
жұм.тел: 259-80-20

ЕУРАЗИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Төле би көш., 109, Досмұхамедов көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Оспанов Асан Бекешұлы
жұм.тел: 292-59-00

ОРТАЛЫҚ-АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Жандосов көш., 60, Гагарин көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Қасабек Сайлау Аманжолұлы
жұм.тел: 275-44-66

Л.Б. ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ АКАДЕМИЯСЫ (ҚАЗАЖА)

Мекенжайы:  Райымбек даңғылы, 417 А, Өтеген батыр көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Қабашев Рахымжан Әбілқасымұлы
жұм.тел: 276-36-09 (Айнұр)

ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Төреқұлов көш., 71, Наурызбай батыр көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Жайнақбаев Нұрлан Темірбекұлы
жұм.тел: 250-83-72 (Лейля)

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Закарпатский көш., 44 (Әуежай)
Байланыс:  Ректор Байжұманов Мұхтар Қазыбекұлы
жұм.тел: 383-89-79

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Жетісу-1 шағын ауд., 32 А-үй, Ұлықбек/Домостроительный/Б.Момышұлы
Байланыс:  Ректор: Омаров Амангелді Жұмағалиұлы
жұм.тел: 376-74-78

ҚАЗАҚ-НЕМІС УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Пушкин көш., 111/113, Жамбыл көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Иоганн Вильгельм Герлах
жұм.тел: 355-05-51 (ішкі 212)

ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ

Мекенжайы:  Наурызбай батыр көш., 9, Мәметов көш. бұрышы
Байланыс:  Бесбаева Баян Мұсақызы
жұм.тел: 279-98-78

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Сейфуллин көш., 521, Әйтеке би көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Нүсенов Жолдасбек Мүслімұлы
жұм.тел: 250-11-43

«НҰР-МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Әл-Фараби даңғылы, 73, академия қалашығы
Байланыс:  Ректор: Джуда Абдульгани Басюни
жұм.тел: 302-09-30

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ

Мекенжайы:  Чайковский көш., 9/11, Райымбек көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Баталова Татьяна Леонидовна
жұм.тел: 279-00-44

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Жандосов-Манас көш., 34 А, 8 А
Байланыс:  Ректор: Шыныбеков Дамир Абдухалиевич
жұм.тел: 330-85-60

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Әл-Фараби, 93 А, Ходжанов көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Джерембаева Наиля Ержепақызы
жұм.тел: 300-07-77

АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

Мекенжайы:  Розыбакиев көш., 227, Есқараев көш. бұрышы
Байланыс:  Ректор: Қожахметов Асылбек Базарбайұлы
жұм.тел: 302-21-24

АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Мекенжайы:  Жібек жолы көш., 65 А, Әлімжанов көш. бұрышы
Байланыс:  Президент: Асанова Сабыркүл Жайлаубекқызы
жұм.тел: 273-14-41