Азаматтық авиация академиясы

Азаматтық авиация академиясы Акционерлік қоғамы – Қазақстандағы авиацияның барлық саласы бойынша мамандардаярлайтын жоғары оқу орны. Академия акцияларының 51%-ы мемлекетке тиесілі.

Ол 1995 ж. Киев азаматтық авиация инженерлері Халықаралық институтының оқу-жаттығу орталығының негізінде Алматыдақұрылған.

Азаматтық авиация академиясы инженер-механик, инженер-электрик, радиоинженер, авиация көлігіндегі экономика мен менеджмент, инженер-ұшқыш, борт-инженері, әуе қозғалысын басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.

ТМД елдерінің Халықаралық авиация комитетінің арнайы сертификатын алып (1996), Халықаралық деңгейдегі оқу орны ретінде танылды.

Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, т.б. елдердің азаматтары да оқиды. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар.

70 кәсіби білімі жоғары оқытушылар дәріс береді. Олардың 5-еуі профессор, 20-сы ғылыми кандидаттары, 10-ы 1 сыныпты нұсқаушы (1998). Азаматтық авиация академиясы ҚР Қорғаныс минститрлігінің жүйесі үшін де маман кадрлар (әуе күштері әскерлерінің борт-инженерлерін) даярлайды.

2013 жылы 3 қыркүйекте академия жанынан «Қазақстан және Орта Азия аймақтық авиациялық қауіпсіздік оқу орталығы ашылды».

 

Дереккөз: https://kk.wikipedia.org