КИМЭП Университеті

КИМЭП Университеті өздерінің студенттеріне дәрісханадан тыс қызықты және ұмытылмас әрекеттер мүмкіндігін ұсынады. Ынталы және талпынысы бар студенттер әр семестр сайын таң қалдыратын әртүрлі шараларды өз беттерімен өткізеді.

Университететте әртүрлі бағыттағы 30 дан аса студенттік клубтар мен ұйымдар тіркелген, оның мақсаты – университеттегі өмірді қайталанбас және жарқын ету. Олардың арасында – интеллектуалды клубтар, спорттық командалар, қайырымдылық ұйымдар, сонымен қатар тұлғаның жеке және ұжымдық шығармашылықта өзін-өзі көрсете білуіне демеуші болатын үйірмелер бар. Мысалы, университетте пікірталас клубы, ұлттық аспап оркестрі, жас кәсіпкерлер клубы, ағылшын тіліндегі студенттік театр, ағылшын тілін үйрену клубы, халықаралық студенттер клубы жұмыс істейді. Университетте ұйымдастырылған Қазақстандағы жалғыз американдық футболдан команда әртүрлі халықаралық жарыстардан жүлдегер болып отырады. Бұған қоса, университетте өзінің радиостанциясы, бірқатар студенттік және ойын-сауық басылымдар (KIMEP Times, KIMEP Pie, және т.б.), сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың көмегімен заң кеңесін беретін заң клиникасы бар. Сондай-ақ студенттер интеллектуалды жарыстар мен олимпиадаларды, тақырыптық кештерді, ойындар мен кампустағы шараларды, мәдениет фестивальдарын және өнер көрмелерін, сонымен қатар студенттердің өз күштерімен түсірілген фильмдердің ресми тұсаукесер қойылымдарын ұйымдастырады.

Студенттердің өз-өздерін басқару қызметін KSA (КИМЭП Студенттер қауымдастығы) атқарады, ол жыл сайын сайлау өткізіп тұрады және оның өкілдері университет қызметі мәселелері бойынша шешім қабылдайтын барлық комитеттердің толық құқылы мүшелері болып табылады. КИМЭП Университетіндегі студенттік өмірдің жарқын кезеңдер тізімін шексіз жалғастыруға болады. Әр семестр сайын жаңа идеялар жүзеге асырылып, жаңа жобалар бастамасын табады. КИМЭП Университетіндегі студенттік өмір – кез келген студенттің жеке даму үшін және өз-өзін көрсете білудің тамаша платформасы.

Educational/Intellectual

Arts and Culture

Environment

Entertainment

Charity

Media

Sport

International