Бағдарламалар

“Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы

Алматы қаласының әкімдігі «2017-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы»..

Алматы қаласының әкalmaty_0.pngімдігі «2017-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы» бойынша «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде www.e-gov.kz электрондық үкімет порталының қолдауымен www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау сайты арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – «ТҮҚЖБ» АҚ) арқылы тұрғын үй алуға Алматы қаласының жастарынан 2017 жылғы «23» қазаннан  бастап «3» қараша аралығында өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.35 жасқа дейінгі Алматы қаласының жастары қатысады. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікті заем беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта төлем қабілетіне қарай жеке жасалады.

Бағдарламаның шарттары:

  1. 35 жастан аспайтын Алматы қаласының жастары қатысады;
  2. Бюджет – кем дегенде 2 млрд. теңге;
  3. «ТҮҚЖБ» АҚ-да қарыздың максималды сомасы –10 млн. теңгеге дейін;
  4. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 5%;
  5. Кепілзат болып сатып алғалы жатқан тұрғын үй саналады. Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепілзат бола алады.

Өтініштерді және құжаттарды беру электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы және Алматы қаласы әкімдігінің www.almaty.gov.kz. порталының көмегімен www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады. www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.

Тұрғын үйді Қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.

«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін іс-әрекеттер алгоритмі қандай?

algoritm_kreditovaniya_kaz.jpg

«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қандай талаптарына мен сай болу керекпін?

Келесі талаптарға сай келетін Алматы қаласының жастарынан 10 жұмыс күні ішінде құжаттар мен өтініштер қабылданатын болады:

  1. Өтініш беру кезіне Қатысушы және жұбайының жасы 35 жасқа дейін болуы тиіс.  Бағдарламаға қатысуға негізгі Қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  2. Өтініш беру кезіне ерлі-зайыптылардың екеуінде де, Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы, сондай-ақ онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (кәмелетке толмаған балалар және т.б.) Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болуы;
  3. Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) болмауы. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Бағдарламаға қатыса алмайды;
  4. Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште кқрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару немесе тұрғын үй-жайларды ауыстыру арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
  5. Қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі кем дегенде жарты жыл немесе кем дегенде жарты жыл мерзіммен Алматы қаласында тіркелген қолданыстағы ЖК.

Аталған талап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 2), 3), 4), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
  • 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар көп балалы отбасыларға;
  • 1 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар толық емес отбасыларға қарастырылмайды
  1. Кепілді қамтамасыз етуі сатып алынатын тұрғын үй болып табылады. Кепілді қамтамасыз етуі жетпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепіл қажет.
“Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы

Contacts