Бағдарламалар

«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға кезек қалай анықталады?

Тізімге қосу кезегі жинаған балл санымен анықталады. Өтініш берушілердің балл саны бірдей болған кез..

Тізімге қосу кезегі жинаған балл санымен анықталады. Өтініш берушілердің балл саны бірдей болған кезде, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметкерлерге, меншік нысанына арамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын қатысушылардың басымдығы болады.

Соңғы тізімге қосу туралы шешім ең көп дауыспен Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы қабылдайды.

Менің балл саным қалай есептеледі?

Өтініш берушілердің тізімі балл жүйесін (ең көп балл саны бойынша) есепке алумен жасалады.

КРИТЕРИЛЕР БАЛЛ САНЫ
тіркелген некедегі әр жылға 2
бірінші балаға 10
әр келесі балаға 20
хабарландырудың шығу кезінде некеде 1 жылға дейін тіркелген жас жұбайларға 30
Алматы қаласының әлеуметтік және бюджеттік салаға жататын ұйымдардағы өтілдің әр жылына * 2
Алматы қаласындағы басқа мекемелердегі өтілдің әр жылына 1
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жатқаны үшін ** 10
Алматы қаласында қолданыстағы жеке кәсіпкерліктің (ЖК кем дегенде бір жыл жұмыс істеу керек) әр жылына 1,5
Алматы қаласындағы тұрақты тіркеудің әр жылына 1
«ТҮҚЖБ» АҚ-да шотқа бастапқы жарнаның әр 5 %, сонымен бірге минималды бастапқы жарна 10%-дан. (1 млн.теңгеге жуық) 10

*оларға: мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, меншік нысанына арамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері;

** осы хабарландырудың 5 тармағында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары көрсетілген.

«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға кезек қалай анықталады?

Contacts