Бағдарламалар

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы ақпараттық қоғамға өтуге жағдай туғызуға бағытталған. Ол ..

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасы ақпараттық қоғамға өтуге жағдай туғызуға бағытталған. Ол мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді билікті» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту сынды тапсырмаларды шешу жолдарынан тұрады.

Нысаналы индикаторлар:

•    Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
•    «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
•    Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі – 100%;
•    Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы – 75 %;
•    Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
•    елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі  – 4%;
•    Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
•    Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
•    Компьютерлік сауаттылық деңгейі – 80 %;
•    Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
•    Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
•    Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі – 50%.