Бағдарламалар

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде тұжырымдама жа..

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде тұжырымдама жасалып, жұмыс тобы құрылды. Оның барлық деңгейін талқылап жатырмыз. Қаржылық қолдау құралдарын жетілдіруге арналған түзетулер жасалды», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте. Бағдарлама шеңберінде кепілдендіру үшін несие көлемін ұлғайту жолымен кепіл бойынша жүктемені азайту, микроқаржылық ұйымдарды тарту, айналым қаражатын несиелеу үлесін арттыру, кәсіпкерлердің тиімді жобаларына талаптарды күшейту, мемлекеттік бағдарлама және басқа да құралдарды ұлғайту шаралары көзделген. «Бизнес-қауымдастықты белсенді қатысуға шақырамыз. Барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Бұл шаралар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ел экономикасына үлесін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – дейді вице-министр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/biznestin-zhol-kartasy-bagdarlamasy-2025-zhylga-deyin-uzartylady_a3529069

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

Contacts